Ислам революциясының жетекшісі Халықаралық Құран жарысына қатысушылармен кездесті
(last modified Thu, 22 Feb 2024 12:18:35 GMT )
Ақп 22, 2024 18:18 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Халықаралық Құран жарысына қатысушылармен кездесті

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін таңертең 40-шы Халықаралық Құран жарысына қатысушылармен кездесуінде Құранда айтылған тағылымдарды ұстанудың әрбір адам баласы мен бүкіл адамзаттың қажетін өтейтінін айтып:

"Құранды "ғибадат бұрышы" және адамды Құдаймен жалғастыратын кітап деп санайтын, бірақ "саяси ислам" және "қоғамдық жүйе құратын ислам" дегенді қабылдамайтын адамдар шын мәнінде Құранда айтылған түсіндірме мен хазірет Әлидің (ғ.) Құранға берген сипаттамасына қарсы шығып отыр",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Газа мәселесін ислам әлемінің басты тақырыбы деп атап: "Құдай мен мұсылмандарға қарсы дұшпандармен байланыс орнатпаңдар" деп Құранда айтылған бұйрықты ислам елдерінің басшылары орындап отыр ма? Неге ислам елдерінің басшылары сионистік режиммен байланыстарын үзіп, оған көмектесуді тоқтатуды ашық түрде бастамайды?"-деді.

Аятолла Хаменеи: "Алла тағала сионистік режимге қолдауды тоқтату үшін өз үкіметтеріне қысым жасамаған әрбір мұсылманды және Құранның бұйрықтарын орындамаған ислам үкіметтерін жауапқа тартады",-деді.

Аятолла Хаменеи: "Әрине Газа мен Палестинаның сионистік режимге табанды қарсыласуы Құранның бұйрықтарын орындау және осы оқиғаның екінші қыры болып табылады. Құдайдың қолдауымен және Құрандағы уәделердің негізінде илаһи жеңіс оларға нәсіп болады",-деді.  

Ислам революциясының жетекшісі қазіргі таңда ислам әлемінің Газа халқының жағдайына қайғырып жатқанына тоқталып: "Адамгершіліктен жұрдай адамдар Газа халқына зұлымдық жасап жатыр. Сол себепті ең үлкен міндет – қорғансыз Газа халқын қолдау, қарсыласу күштерінің табанды күресіне және Палестина халқына көмектесіп жатқан адамдарға жәрдемдесу",-деді.

Аятолла Хаменеи сөзінің соңында: "Алланың рақымы мен илаһи жеңіске үмітіміз зор. Ислам әлемі қатерлі сионистік ісіктің жойылғанына куә болатыны анық",-деді.