Иран СІМ-нің «Некбат» күніне байланысты мәлімдемесі
(last modified Tue, 17 May 2016 09:48:56 GMT )
Maм 17, 2016 15:48 Asia/Almaty
  • Иран СІМ-нің «Некбат» күніне байланысты мәлімдемесі

ИИР СІМ Иранның басқыншы сионистік режим алдында Палестина халқын қолдайтынын қайта жариялады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ дүйсенбі күні Палестинаның сионистік режим тарапынан басып алынған күні («Некбат» күні) сионистік режиммен күресте палестиналықтардың ұлттық тілектестігі мен бітімге келуін қолдайтынын айтып, сионистік режимнің адамзатқа қарсы заңсыз әрекеттеріне, соның ішінде қалашықтар салу ісіне әлемдік қарсылықтардың күшейгенін жақсы белгі деп атап, Құдсты басып алушы режимнің Палестина халқының құқығына қарсы жасап жатқан қастандықтарын доғару үшін бүкіл әлем болып күресуге шақырды.

Иран СІМ-нің осы мәлімдемесінде: «Басып алынған Палестина жерінде және Ислам әлемінің қақ ортасында заңсыз сионистік режимнің құрылуы Палестина тарихының ең қайғылы кезеңі мен оның жапа шеккен халқының көрген тауқыметін еске салады. Соның салдарынан миллиондаған адам өз отанынан босып кетті.

Сионистік режимнің Палестина жерін толығымен басып алуға бағытталған әрекеттерінің жалғасуы, бейкүнә палестиналықтарды салқынқандылықпен өлтіру, Құдсты еврейлендіру, әл-Ақса мешітіне құрметсіздік көрсету, қалашықтар салу ісін жалғастыру және Иордан өзенінің батыс жағалауын еврейлендіру, Газа секторын осымен 10 жыл бойы қоршауда ұстауды жалғастыру – мұның барлығы әлем халықтарының жиренішін тудырған сионистік режимнің қылмыстары болып табылады»,-деп жазылған.