Иран Вице-Президенті Махабадта
Иран Вице-Президенті әрі Қоршаған ортаны қорғау ұйымының басшысы: "Махабадтың "Сахулан" үңгірінің тереңдігі 62 метрден асады. Ол әлемдегі ең терең әктасты үңгірлердің бірі саналады. Онда жануарлардың құнды түрлері тіршілік етеді",-деді.
Әли Саладжақе Батыс Әзірбайжан облысындағы Махабадтың "Сахулан" үңгіріне барып: "Сүңгуірлердің айтуынша, мезозой дәуірінде әктастың еруінен пайда болған бұл үңгірдің тереңдігі 62 метр, ұзындығы сумен есептегенде 300 метр, жермен есептегенде 250 метрді құрайды",-деді.
Әли Саладжақе: "Хамадандағы "Әли Садр" үңгірінен кейін Ирандағы екінші сулы үңгір саналатын "Сахуланда" жарқанат, кептер сияқты құстар мен осы аймақта ғана табылатын шалшықты сүлік тіршілік етеді. Бұл үңгір – теңдессіз табиғи туынды",-деді.