Теһран жұма намазының имамы: Сайлау - Иран халқы үшін үлкен мүмкіндік
(last modified Fri, 23 Feb 2024 12:30:54 GMT )
Ақп 23, 2024 18:30 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының имамы: Сайлау - Иран халқы үшін үлкен мүмкіндік

 Теһран жұма намазының имамы алдағы Ирандағы сайлауды ирандық ұлт үшін үлкен мүмкіндік деп санап, оған кеңінен қатысуды баса айтты.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Теһран жұма намазының имамы Әли Акбари: «Сайлау – діни бостандық пен демократияның және Иран билігіндегі халық ерік-жігерінің ағымының символы. Бүгін Ислам революциясы мен халықтың барлық дұшпандары күшін сайлауға қарсы жұмылдырылды.  Келесі жұмада Иран халқы тағы да мақтан тұтар тарихта жауды талқандау туралы ұлы дастанның тағы бір бетін жасап, адамзат алдында қуатты Иранның бейнесін ұсынады деп сенеміз,- деді.

Теһран жұма намазының имамы сондай-ақ, Ислам әлемі мен халықаралық қауымдастықтың басты мәселесі, яғни Газа мәселесіне тоқталып: «140 күннен кейін Газа соғысы әлемдік үстемгілерлдің түрлі сәтсіздіктерінің үлкен көрмесіне айналды. Бұл жағдайда басып алушы сионистік режим қарсыласу тарапынан ауыр соққыларға ұшырады. Алланың көмегімен және болған қарсылық пен жаһандық ояну күш-жігерімен бұл режим жақсы күн көрмейді. Мәселе мынада, енді жалған сионистік режим жоқ және бұл режим сал ауруына ұшырады",- деп мәлімдеді.