Соғысты тоқтату және референдум өткізу - басып алынған Палестина аумақтарында бейбітшілік орнатудың шешімі
(last modified Fri, 23 Feb 2024 15:53:36 GMT )
Ақп 23, 2024 21:53 Asia/Almaty
  • Соғысты тоқтату және референдум өткізу - басып алынған Палестина аумақтарында бейбітшілік орнатудың шешімі

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Газа секторындағы соғысты тоқтату және басып алынған Палестина жерлерінде референдум өткізуді осы аймақта бейбітшілік орнатудың шешімі ретінде қуаттады.

 


IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани Чафи кеше бейсенбі күні X әлеуметтік желісінде: "Cионистік режимнің министрлер кабинеті мен Кнессет (парламент) тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуына қарсылық көрсетуге қатысты жақында жариялаған ұстанымдары мен шешімдері бұл режимнің соғысқұмар және басқыншы болмысының бет-бейнесі мен сипатын тағы да айқын көрсетті. Сионистік режимнің қулық-сұмдық көзқарасы сионистік жетекшілердің соңғы бірнеше онжылдықта қулық пен алдау арқылы уәде берген бейбітшілік туралы жалған мәлімдемелері мен өткеннің нәтижесіз келісімдерін жоққа шығару болып табылады. Сионистік режим алдын ала Палестина халқының даусыз құқықтарын, соның ішінде бүкіл тарихи Палестина жерінде өз тағдырын анықтау және тәуелсіз Палестина мемлекетін құру құқығын  жоққа шығаруды және елемеуді көздеп отыр. Палестина халқы мен қарсыласуы сионистердің зұлым мақсаттарынан хабардар, сондықтан  Палестина дағдарысының жалғыз түпкі шешімін Палестина халқының астанасы қасиетті Құдспен  тәуелсіз Палестина мемлекетін құрудағы ерік-жігерін жүзеге асыру деп санайды",- деп жазды.