Хузестан облысының 24 мың шәһидінің екінші құрылтайына қатысушылар Ислам революциясы жетекшісімен кездесті
(last modified Sat, 24 Feb 2024 11:31:13 GMT )
Ақп 24, 2024 17:31 Asia/Almaty
  • Хузестан облысының 24 мың шәһидінің екінші құрылтайына қатысушылар Ислам революциясы жетекшісімен кездесті

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Хузестан облысының 24 мың шәһидтерінің құрылтайына қатысушылармен кездесуінде Хузестан халқының қасиетті қорғаныс кезіндегі дастаны мен мұғжизасын халықтың күш-жігерінің және исламдық сенімнің бірігуінің жемісі деп бағалады.

 

Аятолла Хаменеи құрметті имамның «Ислам республикасы» терминін таңдауда пікірінің дұрыстығына тоқталып: "Исламдық жүйенің тұрақтылығы мен ілгерілеуіне және оның көптеген кедергілер мен қастандықтарды жеңуіне себеп болған нәрсе – «Халық республикасы мен Исламға сенімнің» үйлесуі және келешекте қиындықтардан шығудың жолы – осы ойдың жалғасы",- деді. Ислам революциясының жетекшісі сөзінің басқа бір бөлігінде адамдар мен діни сенімге арқа сүйеу мұғжизасының тағы бір мысалы ретінде бүгінгі Газа жағдайын атап өтті. Ол: "Қарсыласу күштерінің табандылығы және дұшпанды оларды жоюдан тайдыруы, сондай-ақ Газа халқының жарылыстар мен апаттарға төзімділігі бұл халықтың күшті діни сенімін көрсетеді",- деп айтты. Аятолла Хаменеи Батыс өркениетінің адам құқықтары туралы уәждерінің өтіріктерінің әшкереленуіне және батыстықтардың Газа ісіндегі  екіжүзділігіне сілтеме жасап: "Қылмыскерді өлім жазасына кесу үшін шу шығарып жатқан батыстықтар Газада 30 мың бейкүнә адамның өлтірілуіне көз жұмып, Америка Газаны бомбалауды тоқтату туралы қарарға ұялмай вето қойды",- деп мәлімдеді.