Ақп 25, 2024 23:17 Asia/Almaty
  • Ирандағы сайлаудың аймақ елдеріндегі сайлаудан айырмашылығы

Ирандағы сайлаудың Батыс Азия елдеріндегі сайлаулардан айқын айырмашылығы бар.

Келесі жұма күні, 11 есфандта, сәйкесінше 1 наурызда Иранда Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші сайлауы мен Эксперттер кеңесінің алтыншы сайлауы өтеді. Дұшпандар Иранның сайлауларына қарсы ауқымды жарнама жасап, халықты сайлауға қатыспауға ынталандырып жатқан шақта Иран Батыс Азия аймағында сайлау өткізу тұрғысынан ең үздік елдердің бірі болып отыр.

Батыс Азия елдерінің көбі сайлау өткізуден бас тартып отырған жағдайда ИИР осы күнге дейін 39 сайлау өткізді. Жұма күні өтетін сайлау 41-ші сайлау болады. Сондықтан Ирандағы саяси жүйе сайлау өткізуді қолдайды. Оны биліктің бір элементі санайды. Сайлау – шынайы мағынада жүйенің басты ұстыны және елдің тағдырын анықтап, шешім қабылдаудың негізі.

Айта кететін жайт: Ирандағы сайлау парламентпен шектелмейді, президенттік сайлау, Эксперттер кеңесіне, қалалық және ауылдық мәслихаттарға сайлау өткізіледі. Сондықтан халық Президенті, Парламент және Эксперттер кеңесінің мүшелерін, қалалық және ауылдық мәслихаттардың өкілдерін анықтайды. Сондықтан халық Иранның саяси жүйесінде көрнекті орын мен рөлге ие.

Исламдық жүйе әрдайым биліктің беделін көтеру үшін ғана емес, Иран халқының адамдық қадір-қасиетін құрметтеу және қорғау үшін халықтың саяси өмірге максималды түрде қатысуын қамтамасыз етеді.

Иранның сайлауларындағы саяси бәсекелестіктер туралы тағы бір жайт мынау: елде өтетін сайлауларда жеке адамдар мен топтар бір жағынан нәтижесі алдын ала белгісіз бәсекеге түседі, екінші жағынан олардың арасында шынайы бәсеке жүреді.

Мысалы, 1396 жылы өткен президенттік сайлауда үміткер 50 пайыздан сәл асатын дауыс жинап, басқа үміткерден 0,5 пайыз айырмашықпен жеңді. Кейбір аймақ елдеріндегі парламенттік және президенттік сайлауларда жеңіске жеткен үміткерлер шамамен 90 пайыз дауыс жинайды. Бұл мәселе әлгі елдерде сайлау болмағанын көрсетеді. Сондықтан Ирандағы сайлауға халықтың көптеп қатысуын дұрыс сайлауға негіз деп атауға болады.   

Тағы бір маңызды мәселе: сайлау өткізетін аймақ елдерінің көбінде әлемдік алпауыттарға тиесілі ақпарат құралдары тарапынан когнитивті соғыс жүргізілмейді. Ал дұшпандар Ирандағы сайлауға қарсы тыңғылықты дайындалады. Тіпті олардың барлау ұйымдары сайлауды толық бақылауға алып, БАҚ-тың күшімен оған араласуға тырысады.

Бұл қатынастың дәлелдерінің бірі мынау: Ирандағы сайлау ішкі саясатта бір саяси ағымның билік басына келуіне себеп болса, сыртқы саясатта билеуші саяси жүйенің орны мен беделін паш етуге көмектеседі.

Сондықтан дұшпандар сайлауды әлсірету арқылы исламдық жүйенің беделіне нұқсан келтіруді көздейді. Бірақ халықтың сайлауға белсенді түрде қатысуының арқасында бұл сұрқия мақсат ешқашан орындалған емес.

Тегтер