Салауатты сайлау – ұлттық мүдденің кепілі
(last modified Thu, 29 Feb 2024 18:32:38 GMT )
Нау 01, 2024 00:32 Asia/Almaty
  • Салауатты сайлау – ұлттық мүдденің кепілі

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесіне сайлау жақындап қалғандықтан, үміткерді дұрыс таңдау мәселесі өткен барлық сайлаулар сияқты Ислам революциясы жетекшісінің ерекше назар аударған негізгі мәселелердің бірі болды.

Халықтың сайлауға қатысуы исламдық жүйеде халықтың өз тағдырын анықтауға қатысу құқығы болумен қатар, діни парыз болып саналады. Өйткені Исламда біреуге құқық берілсе, міндет қатар артылады.

 

Адам өзінің діни міндеттеріне сай ең жақсы қалыпта әрекет етуге міндетті. Сондықтан адамның сайлауға қатысып, дұрыс үміткер таңдауы да өте маңызды.   

Ислам революциясының жетекшісі түрлі рәсімдерде жасаған баяндамаларда әрдайым осы мәселеге тоқталып, сайлау кезінде халықты дұрыс үміткер таңдауға көңіл аударуға шақырды. Ол діндарлық, саяси саналылық, мәселелерді шешуде батылдық, ел мәселесі мен әлемдік тақырыптардан хабардарлық сияқты критерийлерді сайлауға үміткерлердің біліктілігін анықтау үшін ескеру қажет сипаттамалардың бірі ретінде атады.

Аятолла Хаменеи кеше, сәрсенбі күні бірінші рет сайлауға қатысатындар және шәһидтердің жанұяларымен кездесуінде білікті үміткерлердің критерийлерін санамалап, Эксперттер кеңесінде расталған үміткерлер мен бақылаушы органдарды жарамды деп танып: "Діни парыздарды ұстануда жақсырақ әрекет етіп, алда болатын, алпауыттарға бағынбай, елдің тәуелсіздігін көбірек талап ететін, сыбайлас жемқорлықпен күресуге бекіген, ұлттық мүдделерге көбірек мән беретін, яғни жеке мүдде мен фракциялық көзқарастан гөрі ұлттық мүдде мен абырой, елдің жайлылығы мен ілгерілеуін артық көретін адам білікті саналады",-деді.

Сайлау Иран Ислам Республикасы жүйесінің күш-қуатын арттыратын факторлардың бірі және дұшпандардың мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы кедергі болып табылатыны күмәнсіз. Сол себепті сайлауға белсенді қатысу қауіпсіздік пен ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету болып саналады. Басқа сөзбен айтқанда, сайлау елдің саяси жүйесінің тұрақтылығына, аумақтық тұтастығына және қоғамдық мүдделеріне әсер ететін факторлардың бірі болғандықтан, белсенді сайлаудың нəтижесі ішкі сахнамен қатар, халықаралық сахнада елдің беделі мен қуатын арттыруға көмектеседі.

Сондықтан халықтың сайлауға белсене қатысуы және білікті үміткерлерді таңдауы жүйенің негізін нығайтады, халықтың сенімін арттырады және дұшпандардың үмітін үзеді.

Ислам революциясының жетекшісі кешегі баяндамасында халықтың сайлауға белсенді қатысуын ұлттық қуаттың көрінісі, ұлттық қауіпсіздіктің кепілі және дұшпандардың сағын сындыру деп атап: "Белсенді сайлау – мәселелерді шешудің негізі, елді дұрыс басқару және дамыту тіректерінің бірі. Иранды, Ислам Республикасын, революцияны, ұлттық күш-қуат пен прогресті қалайтын кез келген адам жұма күні сайлауға келсін!"-деді.