Нау 01, 2024 19:29 Asia/Almaty
  • Иранның сайлау штабының басшысы: Статистика халықтың өткен кезеңдерге қарағанда көбірек қатысқанын көрсетеді

Иранның сайлау штабының басшысы: «Кейбір облыстарда қалың қар мен жаңбыр жауғанына қарамастан, қала туралы қолымызда бар статистика мен мәліметтерге қарағанда, біз халықтың бұрынғыдан да керемет қатысуына куә болып отырмыз",- деді.

 

 

Иранның сайлау штабының басшысы Сейед Мұхаммад-Тақи Шахчерағи елдегі сайлау штабына келген журналистер алдында: " 59 000 сайлау учаскесінде бір миллионға жуық адам сайлау және дауыс беру процесіне қатысуда. Кейбір облытардағы қалың қар мен жаңбырға қарамастан, қала туралы қолымызда бар статистика мен ақпаратқа сәйкес, Әлхамдулиллаһ, осы уақытқа дейін біз халықтың бұрынғыдан да көбірек қатысуын көрдік. Систан мен Белуджистан облысында адамдар су тасқынына қарамастан сайлау учаскелеріне келді, ал кейбір қалаларда адамдар нөлден төмен температурада сайлауға қатысты",- деп мәлімдеді.

 

Тегтер