Канани: Ертең Джиддада Палестина туралы шұғыл жиналыс өтеді
(last modified Mon, 04 Mar 2024 11:42:55 GMT )
Нау 04, 2024 17:42 Asia/Almaty
  • Канани: Ертең Джиддада Палестина туралы шұғыл жиналыс өтеді

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы ертең Палестинадағы соңғы оқиғалар мен сионистік режимнің Газа халқына қарсы қылмыстарына байланысты Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің екінші шұғыл отырысы Джиддада өтетінін хабарлады.

 

 

Канани: "Ертеңгі саммитте ислам елдерінің міндеті айқын. Олар сионистік режимнің Газа халқына қарсы үздіксіз шабуылдарының алдын алу, соғысты тоқтату және Палестина халқына гуманитарлық көмек жіберу, сондай-ақ сионистердің Газа халқын көшіру сияқты зұлым мақсаттарын жүзеге асыруына жол бермеу үшін байыпты шешім қабылдауы керек",- деді.   

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің жуырдағы отырысының қорытынды мәлімдемесі туралы: "Ынтымақтастық кеңесінің отырыстарында даулы мәселелердің көтерілуі өкінішті. Сыртқы істер министрлері отырысының қорытынды мәлімдемесіндегі Иранның аумақтық тұтастығына қатысты ережелерді қатаң түрде айыптаймыз. Үш арал Иранның ажырамас және мәңгілік бөлігі болып табылады және соңғы мәлімдемелерде оларды атаудың ешқандай саяси және құқықтық құндылығы жоқ",- деп мәлімдеді.