Ислам революциясының жетекшісі Эксперттер кеңесінің мүшелерімен кездесті
(last modified Thu, 07 Mar 2024 14:32:28 GMT )
Нау 07, 2024 20:32 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Эксперттер кеңесінің мүшелерімен кездесті

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін таңертең Эксперттер кеңесінің төрағасы және мүшелерімен кездесіп, ИИР жүйесінің үстемшілдер майданына қарсы тұруының діни, ақлақтық және адами себептері мен қисынын түсіндіре келіп, Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесіне сайланған жаңа өкілдерге маңызды кеңестер беріп: "Ислам Кеңесі Мәжілісінің жаңа құрамын жасақтау – үміт сыйлар маңызды оқиға. Сайланғандар мұның қадірін білуі тиіс",-деді.

Аятолла Хаменеи Эксперттер кеңесінің бесінші шақырылымымен өткен соңғы кездесуінде 22 бахман шеруі мен 11 есфанд сайлауының өткізілгеніне тоқталып, биылғы бахман мен есфанд айларын исламдық демократияның белгілері басқа жылдардан көбірек көрсетілген кез деп атап, ИИР-дың зорлықшылдарға қарсы тұруының қисынын түсіндіре келіп: "Ислам республикасы құрылғанға дейін әлемде жалғыз майдан – Батыстың либерал-демократиялық саясатын ұстанған демократиялық майдан ғана болды. Бірақ Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін исламдық демократияға негізделген жаңа майдан құрылып, табиғи түрде батыстық демократиялық майдан қарсы шықты",-деді.

Аятолла Хаменеи Иранда исламдық демократияның құрылуын батыстық демократиялық майдан мүдделерінің қатерге ұшырап, осы майданның исламдық жүйеге жауластығы мен қарсылығының басталуына себеп болғанын айтып: "Олардың қауіп сезінуінің себебі мынада: Батыстық демократияның болмысында үстемшілдік, басқа ұлттардың құқықтарына қол сұғу, соғысқұмарлық, билікке жету үшін жөн-жосықсыз қантөгу бар. Мұны 19 ғасырда Азия, Африка және Латын Америкасындағы көптеген елдерді отарлаудан көруге болады. Бұл кезде олардың демократия, азаттық пен адам құқығын қорғауға қатысты ұрандары шарықтау шегіне жеткен болатын",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі исламдық демократия майданының ең маңызды мәселесі мен қатынасын оның исламдық болмысына сәйкес осындай зұлымдықтар және басқыншылықтармен күресу деп атап, "Ислам республикасы неге үстемшілдермен күреседі?" деген сұраққа: "Елдер, үкіметтер мен халықтарға ешқандай қарсылығымыз жоқ. Біз батыстық демократия майданының ішінде жасырынған зұлымдық пен басқыншылыққа қарсымыз",-деп жауап берді.

Аятолла Хаменеи Газадағы қайғылы оқиғаларды үстемшілдердің жер иесіне жасап отырған зұлымдығы мен басқыншылығы, әйелдер мен балаларды аяусыз қырып-жоюы және сол жердің тұрғындарының мал-мүлкін жоюының айқын мысалдары деп атап: "Ислам республикасының қарсылығы – шын мәнінде осындай зұлымдықтар мен қылмыстарға қарсылық. Мұндай қылмыстар ақыл, заң, шариғат пен ұждан тарапынан айыпталғанымен, АҚШ, Ұлыбритания мен кейбір еуропалық елдер тарапынан қолдау тауып отыр",-деді.

Аятолла Хаменеи: "Мына мәселе айқын болуы тиіс: Үстемшілдер майданы зұлымдық, басқыншылық пен қырып-жоюды демократия, адам құқығы мен либерализм атауларымен бүркемелеп отыр",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Ислам республикасының үстемшілдермен күресте әрдайым көшбасшы болуы керегін айтып: "Үстемшілдермен күрес туын күн сайын кеңінен желбірете түсуіміз керек. Ислам республикасының осы тудан айырылып қалуына ешқашан жол бермеуіміз керек",-деді.