Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Fri, 08 Mar 2024 16:25:38 GMT )
Нау 08, 2024 22:25 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: "Газа секторындағы палестиналықтар сионистік режимнің қылмыстарына төтеп беріп, жеңіске жетті",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аятолла Ахмад Хатами Теһран жұма намазының құтпаларында сионистік режимнің Газа секторындағы қылмыстарын айыптап: "Газа соғысы барысында сионистік режим мен оның басты демеушісі АҚШ-тың осы аймақта айуандық қылмыстарының шарықтау шегіне жеткенін көрдік. Басқа жағынан Газа халқының табанды қарсылығына куә болдық. Газа халқының жеңіске жететініне, сионистік баскесерлер жуырда жойылатынына сенімдіміз",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері Иран Телерадио бірлестігіне Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесінің сайлаулары жайлы ақпаратты уақытылы әрі дұрыс таратқаны үшін алғыс айтып: "Иран халқы сайлауға 41 пайыз қатысу арқылы дұшпанға қатты соққы берді",-деді.

Аятолла Хатами: "Сайлаудың нағыз жеңімпазы – Иран халқы, ал шынайы жеңілген тарап – дұшпандар. Олар сайлау пассивті өтеді деп ойлады. Бірақ халықтың қырағылығының арқасында олардың үміті үзілді",-деді.