Ширазда "Һәфт син" көрмесі өтіп жатыр
https://itolqyn.com/news/iran-i76370-Ширазда_Һәфт_син_көрмесі_өтіп_жатыр
Иранның Фарс облысының орталығы Шираздың халықаралық көрмелер орталығында "Һәфт син" – Наурыз дастарханы, гүлмен безендіру және қолөнер бұйымдары көрмесі өтті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 10, 2024 16:58 Asia/Almaty

Иранның Фарс облысының орталығы Шираздың халықаралық көрмелер орталығында "Һәфт син" – Наурыз дастарханы, гүлмен безендіру және қолөнер бұйымдары көрмесі өтті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылдың 6-10 наурыз аралығында Ширазда Наурыз мейрамына қатысты әдет-ғұрыптарды сақтау мақсатында ұйымдастырылған "Һәфт син" көрмесіне халықтың қолдауы көп болды.

Осы көрмеде ирандық өнерпаздар Наурыз мейрамына қатысты әдет-ғұрыптарды текті өнер түрлерімен "Һәфт син" дастарханына қойды.

Туристер мен көрермендер Наурыздың символдары бедерленген қолөнер бұйымдарына ерекше қызығушылық танытты.