Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Fri, 22 Mar 2024 13:37:13 GMT )
Нау 22, 2024 19:37 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері Дүниежүзілік Құдс күнін сионистік режим мен оның демеушілеріне қарсы саяси зілзалаға айналдыру керегін баса айтты.

Рамазан айының соңғы жұмасы ИИР-дің негізін қалаушы имам Хомейнидің (р.) бастамасымен Дүниежүзілік Құдс күні деп жарияланған.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһран жұма намазының құтпагері Мұхаммед Джафар хадж Әли Акбари Газа соғысында Палестина халқының сионистік режимге табанды қарсы тұрып келе жатқанын айтып: "Ислам үмбеті биыл өзін ерекше Құдс күніне дайындауы тиіс. Биыл Дүниежүзілік Құдс күні адам-сымақ сионист айуандар мен оның сұмпайы демеушілеріне қарсы бір саяси зілзалаға айналады",-деді.  

Хадж Әли Акбари: "Дұшпан дайын болсын, "әл-Ақса дауылы-2,3,4" келе жатыр. Енді оларды жайына қалдырмайды. Сионистік режимнің есімі Палестина картасынан өшірілгенге дейін, қасиетті Құдстың берекелі жері толық азат етілгенге шейін жалғасады",-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері сондай-ақ Ислам революциясы жетекшісінің Наурыз жолдауына тоқталып: "Аятолла Хаменеидің сараптамасы – бәріміз үшін үлгі. Бұл шынайы идеализм. Яғни біз армандарға қарай бет түзеуіміз керек. Шыңды көріп, содан үміт пен қуат алуымыз керек",-деді.