Иран Сыртқы істер министрі  Батыстың қос стандарттарын сынады
(last modified Tue, 26 Mar 2024 11:21:01 GMT )
Нау 26, 2024 17:21 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі  Батыстың қос стандарттарын сынады

ИИР Сыртқы істер министрі Еуроодақтың сыртқы істер жөніндегі жоғары өкілімен телефон арқылы сөйлесуінде Батыстың Палестина мен Газаға қатысты екі жақты және қайшылықты стандарттарын қатаң сынға алды.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хұсейн Амирабдуллахиан Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі  Боррелмен телефон арқылы сөйлесіп, маңызды аймақтық және халықаралық мәселелер мен Иран мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастардың соңғы жағдайын талқылап: "Израиль режимінің гуманитарлық дағдарыс пен  Газа халқын аш ұстауды жалғастыруы  Газадағы жағдайды «ғасырдың нағыз дағдарысына» айналдырды",- деді.

Амирабдуллахиан Газадағы қазіргі жағдайға, палестиналықтардың Шафа ауруханасында өлім жазасына кесілуі және сионистік басқыншы армияның әйелдер мен балаларды қырып-жоюы туралы үрей туғызатын хабарларға тоқталып: «Өкінішке орай, сионистік режимнің премьер-министрі Газа ісін, тіпті Американың ұлттық мүдделерін жеке мүдделерінің кепіліне алды",- деп мәлімдеді.

Осы телефон сұхбатында Боррелл сонымен қатар Еуропалық Одақтың Газаға гуманитарлық көмек жіберуді жалғастыру және БҰҰ-ның тұрақты атысты  тоқтатуға бағытталған талпыныстарын қолдайтын UNRWA әрекеттерін қолдау жоспарына тоқталды.