Раиси: Иран халқы Құдс күні Палестина халқына қолдау білдіреді
(last modified Mon, 01 Apr 2024 12:26:40 GMT )
Сәу 01, 2024 18:26 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран халқы Құдс күні Палестина халқына қолдау білдіреді

Иран Президенті: "Иран халқы жыл сайын Рамазан айының соңғы жұмасында көшеге шығып, Палестина халқына қолдау білдіріп, Қасиетті Құдс қаласының азат етілуін талап етеді",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси дүйсенбі күні таңертең рамазан айының 21 жұлдызында, хазірет Әлидің (ғ.) шәһид болған күнінің қарсаңында имам Хомейни (р.) кесенесіне жиналған зияратшылар алдында сөйлеген сөзінде: "Қазіргі таңда ИИР-дың Палестина халқын қорғауға қатысты ұстанымы Мүміндердің әмірі имам Әлидің (ғ.) кеңес беріп, өсиет еткенін орындау болып отыр. Имам Хомейнидің (р.) арқасында бұл өсиет ислам республикасының жүйесінде тіркеліп, ИИР конституциясының басты принциптерінің біріне айналды. Иран халқы жыл сайын Рамазан айының соңғы жұмасында көшеге шығып, Палестина халқына қолдау білдіріп, Қасиетті Құдс қаласының азат етілуін талап етеді",-деді.

Раиси: "Ислам елдері АҚШ пен әлемдік алпауыттарға сенудің орнына Құран Кәрімнің өміршең аяттарына сенім артқанда Газа халқы осындай ауыр жағдайға душар болмас еді",-деді.