Сәу 05, 2024 17:23 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік Құдс күніндегі Иран халқы: Израиль жойылады

Иранда Дүниежүзілік Құдс күніне арналған шеру ерекше салтанатпен өтті. Иран халқы исламдық-революциялық рәсімге қатысып, әлем халықтарына мынадай жолдау айтты: "Израиль жойылады!"

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, биылғы шерудің ұраны "Құдс күні: әл-Ақса дауылынан әл-Ахрар дауылына дейін" деп аталды. Палестина халқы бірнеше ай бойы сионистік режимнің айуандық шабуылдарына ұшырап отырғандықтан биыл Иран халқы Құдс күнін айрықша атап өту үшін белгіленген уақыттан бұрын көшелер мен алаңдарға жиналды.

Сондай-ақ Теһранда Дүниежүзілік Құдс күніне арналған шерумен бір мезгілде сионистік режимнің жуырда Дамасктағы Иран елшілігіне жасаған шабуылында қаза тапқан Сақшылар корпусының әскери кеңесшілерімен қоштасу рәсімі өтті.    

Иран халқының әртүрлі әлеуметтік топтарының өкілдері осы қоштасу рәсіміне қатысып, "Израильге өлім!" және "АҚШ-қа өлім!" деп ұрандатты.

 

Тегтер