Сәу 16, 2024 18:34 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Газаға медициналық көмек жіберудегі рөліне тоқталды

Иран Сыртқы істер министрі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Шығыс Жерорта теңізі аймағы бойынша аймақтық директоры Ханан Балхимен кездесуінде халықаралық ұйымдардың, әсіресе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Газа секторына гуманитарлық және медициналық көмек жіберудегі рөліне тоқталды.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан Теһранда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Шығыс Жерорта теңізі аймағы бойынша аймақтық директоры Ханан Балхимен кездесуінде: "Сионистік басқыншы режимнің Газа секторындағы қылмыстары мен геноциді тек бомбалаумен ғана шектелмейді, көптеген палестиналықтар, әсіресе балалар мен әйелдер аштық, ауру және дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінен өледі",- деді.

Ханан Балхи сионистік басқыншы режимнің Газа секторындағы қылмыстарының тоқтатылуымен Палестина халқына гуманитарлық көмек пен денсаулық сақтау және вакцина, дәрі-дәрмек және азық-түлікке қол жеткізу мүмкіндігінің қамтамасыз етілетініне үміт білдірді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бұл қызметкері бұл ұйымның  денсаулық сақтау және денсаулықты жақсарту, жұқпалы аурулармен күресу, әлемде, әсіресе Батыс Азия мен Шығыс Жерорта теңізі аймағындағы халықтың хабардарлығы мен білімін арттыру саласындағы бағдарламаларына тоқталды. Ол денсаулық сақтау жүйесінің ілгерілеуі мен тиімділігін және Иранның денсаулық сақтау және емдеу саласындағы мүмкіндіктері мен, әсіресе коронавируспен күресу және оны бақылау кезеңіндегі жақсы тәжірибелерін мақтай отырып, Иранның денсаулықты нығайтудағы тәжірибесі мен жетістіктерін аймақтық деңгейде пайдалануға шақырды.

Тегтер