Раиси: Иранға қарсы кез келген әрекетке ауыр жауап беріледі
(last modified Tue, 16 Apr 2024 13:09:13 GMT )
Сәу 16, 2024 19:09 Asia/Almaty
  • Раиси: Иранға қарсы кез келген әрекетке ауыр жауап беріледі

ИИР Президенті Иранның мүдделеріне қарсы жасалған ең кішкентай әрекетке оның барлық кінәлілеріне қарсы қатаң, кең таралған және азапты жауап міндетті түрде болатынын айтты.

 

IRNA-ның хабарлауы бойынша, ИИР Президенті Сейед Ибрахим Раиси дүйсенбі күні кешке Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Танидің телефон қоңырауына жауабында  аймақтағы соңғы өзгерістерге сілтеме жасап:  "Аймақтағы, тіпті әлемдегі ең маңызды өзекті мәселе Газадағы палестиналықтардың аяусыз қырғынын жалғастыру. Сионистік режимнің қылмыстарын тоқтату үшін тиімді талпыныс қажет",- деді.

ИИР Президенті сионистік режимнің Дамасктегі Иран елшілігінің консулдық бөліміне шабуыл жасауын осы режимнің Газаға шабуыл жасау мақсаттарына жете алмауынан туындаған шарасыздықтың белгісі деп: "Барлық азаттық үшін күресушілер мен азат елдердің үміттеріне, сондай-ақ халықаралық заңдардың ашық мәтініне қайшы, БҰҰ мен Қауіпсіздік Кеңесі Газадағы сионистердің қылмыстарын тоқтата алмауларымен қатар,  Дамасктегі Иран елшілігінің консулдық бөліміне жасалған шабуылды айыптау сынды өз  заңды міндеттерін орындамады. Сондықтан Иран БҰҰ Жарғысының 51-бабына негізделген өзін-өзі қорғау құқығын жүзеге асыру аясында Иранға қарсы зұлымдық жасаған орталықтарға қарсы операцияны әзірлеп, жүзеге асырды",- деп мәлімдеді.

Шейх Тамим бен Хамад Әл Тани Катардың Иранмен қарым-қатынасын екі ел басшыларының жоғары өзара сеніміне негізделген ерекше және артықшылықты деп сипаттап: "Иран мен Катар барлық жағдайда бір-бірін қолдап, қолдау көрсетті",- деді.

Катар Әмірі сондай-ақ өз елінің Дамасктегі Иран елшілігінің консулдық бөліміне сионистік режимнің басқыншылық әрекетін айыптау талпыныстарына тоқталып: «Палестина ұлтының мүддесін қолдау үшін жаһандық және халықтық жақындасудың ең жоғары деңгейі бар жағдайда сионистік режим жағдайды шиеленістіру арқылы әлем жұртшылығының пікірін Газадағы қылмыстарынан бұруға тырысуда",- деп айтты. Катар Әмірі сионистік режимнің қылмысына жауап беруді жобалау және жүзеге асырудағы ИИР-ның әдептілігін жоғары бағалап, оны баршаға түсінікті жолдау бар деп санады.