Maм 01, 2024 19:04 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи: Қарым-қатынасты қалыпқа келтіру мәселені шешпейді; Палестина өзінің бастапқы иелеріне қайтарылуы керек

Имам Хаменеи бүгін, сәрсенбі, Мұғалім күні (шәһид Мотахаридің шәһид болған күні) Иранның түкпір-түкпірінен келген мыңдаған ұстаздар мен зиялы қауыммен кездесті.

Имам Хаменеи бүгін, сәрсенбі, Мұғалім күні (шәһид Мотахаридің шәһид болған күні) Иранның түкпір-түкпірінен келген мыңдаған ұстаздар мен зиялы қауыммен кездесуінде Америка Құрама Штаттарында және басқа елдерде Палестина ұлтын қолдауға арналған шерулердің кеңеюі әлем қоғамдық пікірінде Газа мәселесінің басымдылығының жалғасуының белгісі ретінде бағаланды. Cонымен қатар сионистік режимнің қылмыстары мен Американың оларға қатысты болуы Иран жүйесі мен халқының басқыншы режимді және Америкаға деген пессимизмді қабылдамаудағы ұстанымдарының заңдылығын дәлелдегенін айтты.

Ислам революциясының жетекшісі осы отырыста қоғам пікірінің басқыншы режимге қысымын арттыру қажеттігіне тоқталып: "Сионистік құтырған иттің қатыгездігі Ислам Республикасы мен Иран халқының ұстанымының дұрыстығын дәлелдеді. Жартысы әйелдер мен балалар болатын 30 мың адамның өлтірілуі сионистік режимнің зұлымдық сипаты мен Иранның ұстанымының заңдылығын бүкіл әлемге көрсетті",- деді.

Имам Хаменеи АҚШ пен оларға қатысты мекемелердің Израильдің қылмыстарына наразылық білдірген студенттердің «зорлықсыз наразылық» әрекеттеріне қатысты әрекетін ИИР-ның Америка үкіметіне күмәнмен қарайтын ұстанымының тағы бір дәлелі деп санады: "Бұл оқиға баршаға АҚШ-тың сионистердің Газа тұрғындарын өлтірудегі кешірілмес күнәсіне ортақ екенін және олардың кейбір жанашыр сөздерінің де өтірік екенін көрсетті. Сондықтан ИИР-ның Америка үкіметіне оптимистік және сенім артуға болмайды деген ұстанымы дәлелденді".

Ислам революциясының жетекшісі Палестина мәселесінің жалғыз шешімін Иран ұсынып отырған Палестинаны мұсылмандар, христиандар және еврейлер сияқты бастапқы иелеріне қайтару деп атады. Ол: "Палестина өз иелеріне оралмайынша, Батыс Азия мәселесі шешілмейді. Тіпті олар сионистік режимді тағы жиырма-отыз жыл бойы тірі қалдыруға тырысса да – Алла қаласа, қолдары да келмейді – бұл мәселе шешілмейді. Палестина өз халқына оралуы керек және Палестина жүйесі құрылғаннан кейін сионистермен не істеу керектігін шешуі керек",- деп ескертті.

Имам Хаменеи: Палестина өз халқына оралуы керек

Сионистік режим мен аймақ елдері арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру әрекеттерге сілтеме жасай отырып: "Кейбіреулер бұл әрекет мәселені шешеді деп ойлайды. Сионистік режим мен оның айналасындағы араб елдері арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру мәселені шешпес түгіл,  үкіметтердің өздерін қиындыққа тірейді. Басқыншы режимнің қылмыстарына көз жұма отырып, олар онымен достасып, халықтарының наразылықтарымен бетпе-бет келеді",- деп айтты.

Бұл кездесуде имам Хаменеи  Мүғалім күнімен құттықтап, ұстазды құрметтеу мен алғыс айтуды ұлттың жеке басының парызы деп атап, маңыздылығы мен ықпалы жағынан білім беруді ешбір мекемемен салыстыруға болмайтынына назар аударып: "Жасөспірімдер мен жас ұрпақты анықтау және оларға ынта мен үміт ұялату, үздіксіз өзгеріс, мұғалімдердің материалдық және материалдық емес мүмкіндіктерін арттыру, мұғалімдердің біліктілігін арттыру орталықтарына қолдау көрсету, тәрбиешілер қауымдастығында тәрбиешілер мен үлгілерді нығайту – Оқыту және тәрбие беру мекеменің ең маңызды жұмыс тақырыптары".- деді.

Аятолла Хаменеи білім беру міндеттеріне қатысты көтерген тағы бір тақырып  олардың мүмкіндіктерін күшейту болды: "Мұғалімдердің тұрмыс-тіршілігі мен материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне үнемі назар аударылып келеді, бұл салада қолдан келгеннің бәрін жасау керек".

Ислам революциясының жетекшісі жастардың үміті арасында әлеуметтік зиянның пайда болуы мен таралуының алдын алуға тоқталып: "Бұл маңызды нәрсені жүзеге асырудың шарты - мектептердің өзінде әлеуметтік зиян келтірмеу, бұл оқу ісі жөніндегі басшының міндеттерінің бірі болып табылады. Миллиондаған жастар елдің іргелі мүддесін, іргелі мәселелерін біліп, достық пен дұшпандық майданнан хабардар болып, ұлт жауларының мақсат-мүдделеріне қарсы екпін түсірсе, дұшпандардың орасан зор ақпарат құралдары мен саяси инвестициясы нәтиже бермейді. Оқушылар, жастар және жасөспірімдер жүйенің саясаты мен мінез-құлқының қисыны мен ұтымдылығын білуі керек және ұлттың «Америкаға өлім» және «Израильге өлім» ұрандарының астарында қандай логика жатқанын және Иран неге кейбір елдермен және үкіметтермен қарым-қатынас орнатуға дайын емес екенін білуі керек",- деп мәлімдеді.

«Оқушыға ұлттық көзқарасты түсіндіру» революция жетекшісі көтерген тағы бір тақырыбы болды: "Ұлттық көзқарас, яғни  оқушы білім мен сынып жалпы прогресс қозғалысының бір бөлігі және ел мен жүйені қозғалтатын алып машинаның бір бөлігі екенін білуі керек. Олай болса, оқушыларға ұлттық намыс, елдің жеткен жетістіктері, дұрыс жолдың арқасында жеткен жеңістер, қауіп-қатер, дұшпандық жайында да мағлұмат беру қажет".

Аятолла Хаменеи үміт тудыруды ұстаздардың басқа міндеті деп біліп: "Үміт – ел болашағының кепілі, егер кімде-кім жастардың   жүрегіне үміт ұялатса, ол елдің болашағын құруға іс жүзінде үлес қосты, сондықтан да біз қайта-қайта үміт тудыруды талап етеміз",- деп баса айтты.

 

Тегтер