Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші шақырылымына сайлаудың екінші кезеңі басталды
(last modified Fri, 10 May 2024 07:40:07 GMT )
Maм 10, 2024 13:40 Asia/Almaty
  • Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші шақырылымына сайлаудың екінші кезеңі басталды

Имам Хаменеи бүгін, жұма күні таңертең имам Хомейни(р.) атындағы хұсейниеге барып, Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші шақырылымына сайлаудың екінші кезеңінде дауыс беру басталған алғашқы минуттарда электронды түрде дауыс берді.

Дауыс беру рәсімі ондаған отандық және шетелдік тілшілердің қатысуымен өтіп, отандық және халықаралық ақпарат құралдарында тікелей эфирде көрсетілді.

Ислам революциясының жетекшісі дауыс беріп болғаннан кейін сайлауды халықтың саяси ерік-жігерін білдіретін жер деп айтып: "Елдің дамуын және көзделген мақсаттарға жақындауын қалайтын кез келген адамның ұлттық міндеті – сайлауға қатысу",-деді.

Имам Хаменеи: "Дауыс барынша көп болса, Мәжіліс мықтырақ болады. Мәжіліс мықты болса, елде жұмыс істеу мүмкіндігі көбірек болады",-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші шақырылымына сайлаудың екінші кезеңіне 45 үміткерді анықтау үшін бүгін таңертең сағат 08:00-де 15 облыстағы 22 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.

Сайлауда 90 үміткер Мәжілісте қалған 45 орынды иелену үшін бәсекеге түсіп жатыр.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінде 290 орын бар. Соның ішінде бірнеше орын діни азшылықтардың өкілдеріне бөлінген. ИИР Конституциясының 64-бабы бойынша, зороастрлар, килимилер, ассириялық және халдей христиандары, сондай-ақ солтүстік және оңтүстіктегі христиан армяндардың Ислам Кеңесі Мәжілісінде өкілдері бар.