Профессор Фарханги: Иранның мемлекеттік іс-қағаздар жүргізу тарихы мақтануға лайықты
https://itolqyn.com/news/iran-i77240
Иранның мемлекеттік басқару саласындағы танымал тұлғасы Иранда мемлекеттік іс-қағаздар жүргізу саласының 3 мың жылдан аса тарихы барына тоқталып: "Иранның мемлекеттік іс-қағаздар жүргізу тарихы мақтануға лайықты",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 13, 2024 14:05 Asia/Almaty
  • Профессор Фарханги: Иранның мемлекеттік іс-қағаздар жүргізу тарихы мақтануға лайықты

Иранның мемлекеттік басқару саласындағы танымал тұлғасы Иранда мемлекеттік іс-қағаздар жүргізу саласының 3 мың жылдан аса тарихы барына тоқталып: "Иранның мемлекеттік іс-қағаздар жүргізу тарихы мақтануға лайықты",-деді.

35-ші Теһран халықаралық кітап көрмесінде Теһран университетінің ұстазы әрі Иранның мемлекеттік басқару саласындағы танымал тұлғасы Әли Акбар Фархангидың "Ирандағы іс-қағаздар жүргізу саласына әлеуметтік сараптама жасау тарихы" атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.  

Фарханги тұсаукесер рәсімінде: "Бұл кітап – менің 50 жылдық зерттеуімнің нәтижесі. 6 томға сыярлықтай материал жиналды. Бүгін бірінші томы жарық көрді. Онда Ирандағы іс-қағаздар жүргізу дәстүріне сараптама жасалды",-деді.