Ислам революциясы жетекшісінің жолдауы: Ардақты Раиси шаршауды білмейтін
(last modified Mon, 20 May 2024 12:39:22 GMT )
Maм 20, 2024 18:39 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің жолдауы: Ардақты Раиси шаршауды білмейтін

Иранда 5 күндік қаралы күн жарияланды. Ислам революциясы жетекшісінің жолдауында: "Осы қайғылы оқиғада Иран елі шынайы да құнды қызметшісінен айырылды. Ол үшін Алланың разылығын білдіретін халықтың игілігіне қызмет етіп, ризашылық алу барлық нәрседен артық еді",-делінген.

Аятолла Хаменеи өз жолдауында Иран Президенті Ибрахим Раиси, Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан, діни жетекшінің Шығыс Әзірбайжан облысындағы өкілі Әли Але Хашем, Шығыс Әзірбайжан облысының губернаторы Малик Рахмати және олардың серіктерінің тікұшақ апатында шәһид болғанына байланысты көңіл айтты.

Ислам революциясы жетекшісінің көңіл айту жолдауының мәтіні төмендегідей:

Алланың атымен бастаймыз!

Біз Алла үшінміз және Оған қайтамыз!

Мұджаһед ғұлама, халықтың қалаулы президенті, имам Резаның (ғ.) қызметшісі, худжат ул-ислам уәл-муслемин қажы сейіт Ибрахим Раиси мен оның құрметті серіктерінің қаза болғаны жайлы ащы хабарды қайғыра әрі өкіне қабыл алдым. 

Бұл қайғылы оқиға қызметтік сапар кезінде орын алды. Осынау ардақты да жанқияр тұлғаның қысқа президенттік мерзімде де, оған дейінгі барлық жауапты қызметтердегі уақыты толығымен халыққа, мемлекетке, ислам дініне адал қызмет етуге бағытталған тынымсыз еңбекпен өтті.

Ардақты Раиси шаршауды білмейтін. Осы қайғылы оқиғада Иран елі шынайы да құнды қызметшісінен айырылды. Ол үшін Алланың разылығын білдіретін халықтың игілігіне қызмет етіп, ризашылық алу барлық нәрседен артық еді. Сондықтан кейбір қара ниеттілердің кері әрекеттері оның елді дамыту және істерді ілгерілету жолындағы күндіз-түнгі жұмыстарына кедергі бола алмады.

Бұл ауыр оқиғада Тебриз қаласының танымал жамағат имамы худжат ул-ислам Але Хашем, батыл әрі белсенді Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан,  Шығыс Әзірбайжан облысының діндар әрі революцияшыл губернаторы Малик Рахмати сынды көрнекті қайраткерлер де қаза тапты.

Иран халқына қайғыра көңіл айтып, елде бес күндік қаралы күн жариялаймын.

Конституцияның 131-бабына сәйкес, Мұхаммед Мохбер мырза атқарушы биліктің басшылығын қолға алып, заң шығарушы және сот органдарының басшыларымен бірігіп ең көбі елу күн ішінде жаңа президент сайлауын  өткізуге міндетті.

Сөз соңында Раиси мырзаның  қымбатты анасы мен ардақты жұбайына және оның серіктерінің құрметті отбасылары мен басқа да туыстарына, әсіресе Але Хашем мырзаның әкесіне шын жүректен көңіл айтамын. Оларға сабырлық, марқұмдарға Алланың шапағатын тілеймін. 

Сейіт Әли Хаменеи

31/02/1403-20/05/2024