Бауырлар мен қарындастар! Халыққа қызмет ету ниетімен жұмыс істеу – Алла қалайтын іс
(last modified Mon, 27 May 2024 14:34:25 GMT )
Maм 27, 2024 20:34 Asia/Almaty
  • Бауырлар мен қарындастар! Халыққа қызмет ету ниетімен жұмыс істеу – Алла қалайтын іс

Имам Хаменеи дүйсенбі күні ИИР Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші шақырылымының жұмысы басталғанына орай жолдаған жолдауында теңдестірілген парламентті қалыптастыруды басқа мемлекеттік органдармен жүйелі түрде және тілеулестік негізінде әрекеттесуге және заң шығарушы органдағы дұрыс та шыдамды ұжымдық мінез-құлыққа байланысты деп айтып: "Парламент әрқашан жұбаныш пен үміт сыйлап, елдің қоғамдық ортасында жанашырлық пен бауырластыққа, талпыныстарға ынталандыруы керек",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі сондай-ақ халыққа қызмет ету және ізгі амалдар жасау арқылы адамдардың жүректерін баурап, олардың шексіз алғысына бөленуде илаһи сауап барын айтып: "Марқұм президент пен оның қымбатты серіктерін жерлеу рәсіміне миллиондаған адамның қатысуы – осы илаһи сыйдың үлгісі",-деп еске салды.

Имам Хаменеидің жолдауының мәтіні төмендегідей:

Алланың атымен бастаймыз!

و الحمد لله ربّ العالمین و صلّی الله علی سیّدنا محمّد المصطفی و آله الطّاهرین سیّما بقیّةالله فی الارضین.

Бүгін ИИР Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші шақырылымы белгіленген уақытта өз жұмысын бастады. Кішіпейіл қалыпта Алланың дәргейіне бас ұрып, Алланың Иран халқына берген ұлы сыйы болып табылатын діни демократияның сабақтастығы мен беріктігіне алғыс айтамын. Әрбір жаңа парламент елдің жарқын көкжиегінде жаңа нұр туғызып, халықтың үміті мен ынтасын арттыра алады. Жаңа келген депутаттар мен тәжірибелі өкілдердің құрамы "Халық үйі" саналатын Мәжілістің конституциядағы өкілеттіктерін пайдалана отырып, мемлекеттік  органдар арасын үйлестіру саласындағы ауыр жауапкершілігін орындай отырып, заман талабы мен жаңашылдықты кемелдік және байыптылықпен ұштастыра алатынын аңғартып, заң шығару мен бақылау саласын түрлі бейберекеттік пен тоқыраудан алшақ сақтай алатынына үміт беріп отыр. Басқа билік органдарымен жүйелі түрде және жанашыр қалыпта әрекеттесу, сондай-ақ заң шығарушы органында дұрыс және шыдамды ұжымдық мінез-құлық көрсету теңдестірілген парламенттің барлық қырларының ашылуына және депутаттардан жақсы естелік қалуына көмектесетіні сөзсіз. Әрдайым баса айтатын мәселем мынау: Парламент қоғамдық ортаны жұбатып үміттендіретін, шабыттандыратын, жанашырлық пен бауырмалдыққа шақыратын орган болуы керек. Парламенттiң өзiнде пайдасыз ақпараттық бәсекелестік пен зиянды саяси даулар қысқа қызметтің уақытын алмауы керек. Әйтпесе депутаттардың осы жоғары лауазымда болып, қызмет ету мүмкіндігін зая етеді. Бұл үлкен шығын болмақ.

Тағы бір мәселе депутаттардың антына қатысты. Ант сахналанған қойылым емес. Бұ дүниеде де, о дүниеде де жауап беруге тиіс болатын шынайы да жауапты ант. Құрметті депутаттар өкілдік мерзімі ішінде осы шариғат антының әрбір тармағын көз алдарында ұстап, оны ұстануды өз жұмысын бағалау критерийі ретінде қарастыруы тиіс.

Келесі тармақ моральдық міндеттерге қатысты. Ақлақтық қасиеттердің маңызды бөлігін қамтитын исламдық өмір салты саяси сынақтар мен заңды бәсекелестіктер саласында маңыздырақ бола түседі. Тақуалық пен кешірімділік, әділдік пен адалдық, жауапкершілік пен жанқияр еңбектің алхимиясы өзінің негізгі құнын осында ашады. Қазір бүкіл ел болып аза тұтып жатқан Ордибехешт ұшағы шейіттерінің бір ерекшелігі адамгершілік қасиеттерді сақтау болды. Бұл салада өзін-өзі күтуге мұқият болу керек.

Соңғы мәселе – парламенттің әрбір мүшесі бүкіл Иран халқының өкілі екенін есте сақтау. Сайлау округінің мәселелерін бақылау ел мәселелеріне жалпылай көзқарас шеңберінде жүзеге асырылуы керек. Даму жобаларын әсіре түрде және құрылыс бюджетінің мүмкіндіктерінен тыс бекітуден аулақ болу керек.

Ардақты бауырлар мен қарындастар!

Халыққа қызмет ету ниетімен жұмыс істеу – Алла қалайтын іс. Шүкір еткенді білуші Алла бұл дүниеде де, ақыретте де сауабын береді. Халыққа қызмет ету және ізгі амалдар жасау арқылы адамдардың жүректерін баурап, олардың шексіз алғысына бөлену – осы дүниедегі илаһи сауап. Марқұм президент пен оның қымбатты серіктерін жерлеу рәсіміне миллиондаған адамның қатысуы – осы илаһи сыйдың үлгісі. Әртүрлі қалалардағы адал да қырағы адамдар пәк денелерге гүл жаудырып, көз жастарын төгу арқылы жас ұрпаққа 80-жылдардағы шәһидтерді еске түсіріп, іс жүзінде мыңдаған өтірік, жала мен өсекке жауап берді. Оларға Алланың мейірімі мен берекесі болсын!

Сөз соңында 11-ші шақырылымның құрметті өкілдеріне, әсіресе, еңбекқор төрағасы мен оның белсенді басқарма мүшелеріне алғыс айтуды қажет деп санаймын.

Сізге Алланың игілігі мен сәлемі болсын!

Сейіт Әли Хаменеи

26.05.2024