Ирандағы саяси-экономикалық жаңалықтарға шолу
Жаңа Мәжіліс өз жұмысын бастады. Тауар транзиті 56,5 пайызға артты.
АҚШ Конгресінің Сенат палатасы мойындағандай, 600 санкция салынса да, Иранның мұнай экспорты күніне 2 млн баррельден асты. Дүниежүзілік болат ассоциациясы өз есебінде: "2024 жылдың қаңтар мен сәуір айларында әлемде жалпы болат өндірісі азайғанда Иранда шикі болат өндірісі 7,2 пайызға өсті",-деп хабарлады.
Иранда Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші шақырылымы өз жұмысын бастады.
Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші шақырылымы қалаулы депутаттар, мемлекеттік және әскери басшылардың қатысуымен өз жұмысын бастады. Мәжілістің ашылу рәсімінде Ислам революциясының жетекшісі имам Хаменеидің жолдауы оқылды. Онда парламенттің басқа мемлекеттік органдармен тілеулесе әрекеттесуіне баса назар аударылған. Сондай-ақ Мәжілістегі депутаттар конституцияның 67-ші бабына сәйкес аманат пен тақуалық принципін сақтай отырып, өкілдік міндеттерін орындауға ант берді.
Иранда президенттік сайлау науқаны басталды.
Иранның Ішкі істер министрі Ахмад Вахиди облыс әкімдері мен қолбасшыларына хатында президенттік сайлаудың он төртінші кезеңіне сайлау науқанын бастауға бұйрық берді. Иран президенті шәһид болғанына байланысты 2024 жылы 28 маусымда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтеді.
Иран территориясынан өткен шетелдік тауар көлемі 56,5 пайызға артты.
Иранның Кеден басқармасы: "Өткен 2 аптада ел аумағынан өткен шетелдік тауар көлемі 56,5 пайызға артып, 3 млн 641 мың тоннаға жетті. Бұл аралықта тауар транзитінің көп бөлігі, яғни 1 млн 71 мың тоннасы Иранның батысындағы Парвизхан кеденінен өтті",-деп хабарлады.
Теһранда шетелдік елшілер шәһидтерді еске алу дәптеріне көңіл айту жазбасын қалдырды.
Ирандағы шет елдер мен халықаралық ұйымдардың елшілері мен басшылары Иран Сыртқы істер министрлігіне барып, шәһид президент сейіт Ибрахим Раиси мен Сыртқы істер министрі шәһид Хұсейн Амир Абдуллахиан және олардың серіктеріне құрмет білдіріп, Иран Президенті және Сыртқы істер министрімен кездесулері және сұхбаттары туралы еске алды.
Иран пістесінің Еуропаға экспорты 17 пайызға артты.
Еуропа статистикалық орталығының хабарлауынша, 2024 жылдың алғашқы үш айында Иран пістесінің Еуроодаққа экспорты 17 пайызға артып, 34 млн еуроға жетті. Германия – Иран пістесін импорттайтын ең ірі ел.
Иран аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуды қалайды.
Амир Абдуллахиан қаза тапқаннан кейін Иран СІМ-нің жетекшісі болып тағайындалған Әли Бағери: "Иран бұрынғыдай аймақта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуға тырысып, көршілес елдермен жан-жақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бар күшін салады",-деді.