Білімге негізделген компаниялар саласындағы Батыс Азиядағы Иран хабы
(last modified Tue, 28 May 2024 15:54:28 GMT )
Maм 28, 2024 21:54 Asia/Almaty
  • Білімге негізделген компаниялар саласындағы Батыс Азиядағы Иран хабы

Білімге негізделген компаниялар әлемдік экономикадағы маңызды базалардың бірі болып табылады. Білім мен инновация негізінде құрылған бұл компаниялардың Иранда кең ауқымды қызметі бар.  Иранның көптеген білімге негізделген компаниялары аймақ елдеріне және әлемнің кейбір басқа елдеріне, әсіресе нано, медициналық инженерия, медицина және медициналық жабдықтар салаларында жақсы экспорттауда.

 

Доктор  Эсфандияр Эхтияри Иранның зороастрийлерінің өкілі және Ислам кеңесінің 11-ші парламентінің зерттеу және технология комитетінің жетекшісі. Ол Ирандағы білімге негізделген компанияларды қолдауға арналған екі маңызды заңның негізгі әзірлеушісі (1389 және 1401 жылдардағы білімге негізделген компаниялар туралы заңның  жобалауышысы), Яздтегі алғашқы Техно орталығының (Икбал технологиялық орталығы) негізін қалаушы және "Иранның білімге негізделген экономикасы мен саябақтарының атасы" лақап атымен аталған.

Pars Today  тілшісі  Атуса Диниаран ханымның доктор Эсфандияр Эхтияримен сұхбаты:

Доктор мырза, жалпы білімге негізделген компаниялар дегеніміз қандай компаниялар?

Білімге негізделген компаниялар ой мен білімге негізделген. Шын мәнінде, бұл компаниялар өз ойлары мен идеяларын әрекетке айналдырып, оларды сатады. Білімге негізделген экономикада біз «инновация» және «технология» деген екі маңызды категориямен айналысамыз. Бұл экономикалық модельде тұтынушылар инновациялар үшін төлейді, сондықтан ол ешқашан аяқталмайды, өйткені ойдың шегі жоқ.

Шын мәнінде, білімге негізделген экономикада Иранның ұлы ақыны Саадидің поэзиясы практикалық аспектісін табады. Ол былай деген: "Кім дана болса, қабілетті болады" (білім мен тәжірибе бірге).

 

Иранда білімге негізделген компаниялар идеясы қашан пайда болды және ол қашан іс жүзінде қолданыс тапты?

Ирандағы білімге негізделген экономика шамамен хижраның 1380 (2001) жылынан бастап, елде алғашқы ғылыми және технологиялық парктердің құрылуымен практикалық аспектіге ие болды.

1389 (2010) жылы «Білімге негізделген компанияларды қолдау және зерттеулерді коммерцияландыру туралы заң» 13 баппен бекітілді, бұл заң білімге негізделген компаниялар мен ғылыми-технологиялық парктерді қолдаудың әртүрлі құрылымдары мен негіздерін анықтады.

Осы заңға сүйене отырып, көптеген білімге негізделген компаниялар жұмыс істей бастады, ал бұрынғы компаниялар өз қызметтерін ынталандырумен жалғастыруда. 1401 жылы (2022) «Білімге негізделген өндіріс туралы заң» түзетулерімен бекітіліп, жарияланды.

 

Қазір Ирандағы білімге негізделген компаниялардың жағдайы қандай?

Бұл салада жақсы тәжірибеміз бар. Шын мәнінде, «Иран» білімге негізделген компаниялар тұрғысынан Батыс Азия елдерінің хабы болып табылады. Әлемдік деңгейде де жақсы рейтингіміз бар. Бұл компаниялардың көпшілігінің экспорттық және қаржылық айналымы жақсы және халықаралық деңгейде жұмыс істейді.

 Pars Today  тілшісінің доктор Есфандияр  Эхтияримен сұхбаты

Халықаралық аренада қандай салаларда жетістікке жеттік?

Біздің елімізде бұл компаниялардың қызметінің басым бөлігі техникалық және инженерлік салаларда,медициналық роботтар, медициналық инженерия, IT, медицина және нанотехнологиялар болып табылады.

Иранның көптеген білімге негізделген компаниялары халықаралық аренада медицина, медициналық инженерия және құрал-жабдықтар жасау салаларында бәсекеге қабілетті.

Қазір көптеген білім базасы компаниялары өз өнімдерін аймақтағы және аймақтан тыс елдерге экспорттайды.

 

Бұл компаниялардың гуманитарлық және өнер саласындағы қызметі үшін өріс бар ма?

Иә, қай салада тың ой туып, осы ойды шаруашылық жұмыста қолдануға болады, білімге негізделген экономика қалыптасты. Мысалы, туризм тақырыбында жеке үйді экотуризм және табыс алу ретінде пайдалану идеясын ұсынған бірінші адамды білімге негізделген экономика деп атауға болады.

Америкалық санкциялар білімге негізделген компаниялардың жұмысына қандай әсер етті?

Санкциялар бір жағынан өте пайдалы болды. Өйткені бұл компаниялардың көпшілігі ішкі вакуумға және қажетті өнімдердің тапшылығына байланысты құрылып, дамыды. Коронавирус кезінде Иранға вентиляторларды (жасанды тыныс алу) импорттауға рұқсат етілмеді және бұл компаниялар осы құрылғылардың басқа түрін жасап шығарды. Шын мәнінде, санкциялар шарттары бұл компаниялардың кейбір салаларда дамуына және табысқа жетуіне себеп болды.

Бірақ санкциялардың зияны да болды. Бұл компаниялар коммерциялық биржаларда, әсіресе өз өнімдерін шет елдерге сатуда қиындықтарға тап болады және оларда оңай қаржылық айналым болмады, шын мәнінде ақшаны қайтару қиын болды.

Ирандағы білімге негізделген компанияларға қандай құқықтық қорғаулар беріледі?

Бекітілген заңда қажетті құқықтық қорғаулар қарастырылған. Мысалы, бұл компаниялар төмен пайызбен несие, салықтан босату және т.б. Шын мәнінде, біз Ираннан тыс білімге негізделген компаниялар үшін қарастырылатын барлық нәрселердің ирандық компаниялар үшін де қарастырылуын қамтамасыз етуге тырыстық.

Білімге негізделген компаниялардың болашағын қалай бағалайсыз?

Ирандықтардың ақыл-ойы да, қажетті білімі де бар, сондықтан экономиканың үкіметтік болу проблемалары олардың жолынан жойылған жағдайда, білімге негізделген компаниялар өте жақсы жұмыс істей алады.

Осы бөлімнің соңғы сұрағы:

Доктор мырза, әлемде ғылым өндірісі бойынша Иранның жағдайы қалай?

Иран әлем халқының бір пайызына ие және ғылым өндірісінің индексі бойынша әлемдегі ғылым өндірісінің бір пайызынан астамына ие. Иран Батыс Азияда ғылым өндірісі бойынша әрқашан бірінші немесе екінші орында болды. Ғылым өндірісінің көрсеткіштерінің бірі – әлемнің беделді ғылыми журналдарында ғылыми мақалалардың жариялануы және Иранның бұл салада өте жақсы статистикасы бар.  

Ирандағы білімді адамдардың саны сияқты академиялық көрсеткіштер жоғары.  Бұл ғылым құрметті. Сонымен қатар, бұл білімге негізделген компанияларды дамытуға және олардың ұлттық экономикадағы үлесін арттыруға болатын жағдай.