Маусым 11, 2024 18:52 Asia/Almaty
  • Иранның нано өнімдері Малайзияның ауылшаруашылық өнеркәсібіне үлесін қосты

Малайзия Ауыл шаруашылығы министрлігінің менеджерлері Иранның нано саласындағы жетістіктеріне таңданысын білдіріп, бұл өнімдерді сатып алуды күн тәртібіне қойды.

 

 

Parstoday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Малайзия Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылары мен Иранның нано және микро технологияларды дамыту штабының директорлары Теһранда өткен кездесуде осы топқа Иранның ауыл шаруашылығы саласындағы нано мүмкіндіктері таныстырылды.

Малайзия тарапы жақсы қарсы алған тақырыптардың бірі - жылыжай шаруашылығында, суды тазарту мен балық шаруашылығында қолданылатын нанокөпіршік технологиясы болды.

Сондай-ақ, Иранның азық-түлікті, әсіресе ақуыз өнімдерін сақтау уақытын ұлғайтатын нано қаптама саласындағы мүмкіндіктері Малайзия жағы үшін тартымды болды. Бұл ирандық пакеттер толығымен коммерцияландырылды және өткен жылдары азық-түлік пен көкөністер осы пакеттердің түрлерімен сатылды.

Бұл топты қызықтырған басқа технологиялардың қатарында ирандық нанотыңайтқыштар болды.

Айта кетейік, Иран халықаралық нанотехнология стандарттарын әзірлеу саласында Америка, Жапония, Англия және Оңтүстік Корея елдерінен кейін әлемде бесінші орында тұр. Сондай-ақ Иран нанотехнологиялар саласындағы қолданбалы зерттеулер саласында әлемнің үздік 10 елінің қатарына кіреді және технология мен коммерцияланған өнімдердің әртүрлілігі бұл ілгерілеудің себептерінің бірі болып табылады.

 

Тегтер