Мәртебелі жетекшінің Құран қарилері мен хафиздерін қабылдауында сөйлеген сөзі
(last modified Wed, 18 May 2016 16:21:25 GMT )
Maм 18, 2016 22:21 Asia/Almaty
  • Мәртебелі жетекшінің Құран қарилері мен хафиздерін қабылдауында сөйлеген сөзі

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі халықаралық Құран Кәрім жарыстарына қатысушыларды қабылдауында Құранды ислам үмбеті бірлігінің өзегі деп атап: "Астамшылдардың мақсаты мұсылмандар арасында алауыздық пен қақтығыс тудыру болып отырған жағдайда ислам үмбеті осы илаһи нығмет негізінде бірлік бағытында әрекет етуі керек" деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні халықаралық Құран Кәрім жарыстарының 33- ші кезеңіне қатысушылар алдында Американың шектен шығушы және "үлкен шайтан» екендігін қуаттай келе: "Бүгінде ғұламалар, зиялылар мен көрнекті тұлғалардың ең маңызды міндеті дұшпандардың қитұрқы әрекеттерін анықтау болып табылады. Ислам үмбеті де алпауыттардың уәделеріне алданбай, олардың қоқан- лоққыларынан сескенбеуі керек" деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Құранды «ислам үмбеті бірлігінің» өзегі деп атап: "Астамшылдардың саясаты мұсылмандар арасында алауыздық пен қақтығыс тудыруға шоғырланып отырған жағдайда ислам үмбеті осы илаһи үлкен нығмет негізінде бірлік пен тұтастық бағытында әрекет етуі керек" деді.

Хазірет аятолла Хаменеи шектен шығушы алпауыттардың ислам мен ислам үмбетіне соққы беру үшін жаппай талпыныс жасап жатқандарына меңзеп: "Олар егер мұсылмандардың күш- қуаты болса, ұлттарға зұлымдық жасай алмайтындарын және Палестина тақырыбының бір ислам мемлекетін басып алу ретінде ұмыт болмайтынын біледі" деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі кейбір ислам елдерінің Құдайға жармасудың орнына шектен шығушыларға жармасып отырғанына өкініш білдіріп: "Аймақта АҚШ саясатының жүргізушісі болып табылатын елдер шын мәнінде ислам үмбетіне қиянат жасап, Американың ықпал етуіне жағдай жасайды" деді.

Ол кісі Иран халқының иманы мен баяндылығын және Американың артық талаптары алдында қайсарлығын Иран ислам республикасы айбындылығының негізгі факторы деп атап: "Алпауыттардың Иран халқынан сескенуі мен осы халыққа қарсы түрлі астыртын әрекеттерінің себебі олардың исламға негізделген айбындылығы болып табылады. Дұшпан айбынды исламнан қорқады" деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі аймақта тәкфирлік лаңкестік топтардың пайда болуын және дұшпандар атынан соғыс ашып, мұсылмандардың арасында алауыздық тудыруын адасушылықтың әрі біліктіліктің жоқтығының нәтижесі санап: "Сөзсіз,күпіршілік майданы түптің түбінде күрескер ислам майданының алдында кері шегінуге мәжбүр болады" деді.