Иранда Ұлттық жасанды интеллект ұйымының ашылуына кері санақ
(last modified Wed, 26 Jun 2024 11:40:37 GMT )
Маусым 26, 2024 17:40 Asia/Almaty
  • Иранда Ұлттық жасанды интеллект ұйымының ашылуына кері санақ

Иран Республикасы Президентінің Ғылым, технология және білімге негізделген экономика вице-президенті: «Иранның ұлттық жасанды интеллект ұйымының ашылуына кері санақ басталды",- деді.

 

Иранның Мәдени революциясының Жоғарғы кеңесінің мүшелері жуырда Иран Ислам Республикасының жасанды интеллект ұйымы мен басқару кеңесін құру туралы жалпы құжатты мақұлдады.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Республикасы Президентінің Ғылым, технология және білімге негізделген экономика вице-президенті Рухолла Дехқани Фирузабади әлеуметтік желідегі өзінің жеке парақшасында былай деп жазды: «Иранда жасанды интеллект ұлттық ұйымының ашылуына кері санақ басталуымен Иранның шәһид президенті Сейед Ибрахим Раисидің ойы жүзеге асты".

Ирандағы Ұлттық Жасанды интеллект ұйымының басшысын тағайындау президенттің құзырында және бұл ұйым басшысының өкілеттігі төрт жыл, бірақ оны жаңартуға еш кедергі жоқ.

Айта кету керек, жасанды интеллект - адам сияқты ойлайтын және адамның мінез-құлқын еліктеу қабілеті бар арнайы бағдарламаланған машина.

Жарияланған статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Иран компьютер ғылымы мен жаңа технологиялар саласында аймақ пен ислам әлеміндегі жетекші мемлекет болып табылады. Бұл жетістік АҚШ пен Батыстың бір бөлігі Иранның бірқатар ғылыми мекемелеріне санкция салған кезде орын алды.