2024 жылдың алғашқы 5 айында Иран мен Түркия арасындағы сауда айналымы 5% өсті
Түркияның статистика басқармасы Иран мен Түркия арасындағы сауда айналымының 2024 жылдың алғашқы 5 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 пайыз өскенін хабарлады.
Түркияның статистика басқармасы Иран мен Түркия арасындағы сауда айналымының 2024 жылдың алғашқы 5 айында 5 пайыздық өсіммен 2,3 миллиард долларға жеткенін хабарлады. Pars Today агенттігінің мәліметі бойынша, 2023 жылдың алғашқы 5 айында Иран мен Түркия арасындағы сауда айналымы 2 миллиард 189 миллион долларды құрады.
Осы есеп бойынша Түркияның 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында Иранға экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 пайыздық өсіммен бір миллиард 340 миллион долларға жетті. Түркияның осы кезеңдегі Ираннан импорты 960 миллион доллар деп жарияланды.
Соңғы жылдары Иран мен Түркия қайраткерлері екі жақты кездесулер немесе телефон арқылы сөйлесулерінде екі елдің барлық салалардағы, әсіресе экономикалық салалардағы қарым-қатынастарын кеңейтудің маңыздылығын үнемі қуаттап келеді.
Иран мен Түркия арасындағы бейбітшілік пен достықтың тарихы мен тарихи, діни және мәдени ортақтықтары Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы мен Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы сияқты ұйымдар аясында осы екі көршілес және мұсылман елдерінің байланысы мен достық қарым-қатынасын нығайта түсті.