Ирандық зерттеушілер маржан рифтерін сақтау үшін жасанды губка жасады
(last modified Tue, 02 Jul 2024 15:51:33 GMT )
Шіл 02, 2024 21:51 Asia/Almaty
  • Ирандық зерттеушілер маржан рифтерін сақтау үшін жасанды губка жасады

Иранның Амир Кабир прлитехникалық университетінің бір топ зерттеушісі тірі организмдерден шабыттанып, су орталарында ластаушы заттардың шөгуіне және жиналуына жол бермеу үшін жасанды губка құрылғысын жасады, бұл теңізде тереңдету шығындарын азайтумен қатар, маржан рифтерін сақтауға көмектеседі.

Батыс Азияның 14000 шаршы шақырымнан астамын маржан рифтері алып жатыр. Pars Today-дің айтуынша,  Масуме Хашемпур жоба жетекшісі және Иранның Амиркабир технологиялық университетінің докторантурадан кейінгі зерттеушілерінің бірі Батыс Азия аймағындағы маржан рифтерінің жағдайына тоқталып: «Батыс Азия аймағында маржан рифтерінің 65 пайызы жойылу қаупінде және олардың 20 пайыздан астамы қиын жағдайда тұр. Жағалаулар шетіндегі елді мекендердің дамуы, құрылыстың ұлғаюы және оның нәтижесінде пайда болған қалдықтардың жиналуы, ағынды сулардың теңіздерге ағуы, өзен арқылы теңізге шөгінділердің ағуы, газ және мұнай ресурстарын өндіру, мұнай танкерлерінің ластануы, балық аулаудың көбеюі, жер температурасының жоғарылауы және соның салдарынан теңіздер мен мұхиттардың температурасының жоғарылауы, сондай-ақ суда еріген көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы, маржан рифтерінің денсаулығына қауіп төндіретін себептердің бірі болып табылады»,- деп мәлімдеді.

Иранның Амир Кабир прлитехникалық университетінің  бір топ зерттеушілері құбырлы губкалардың өнімділігін және оның теңіз ортасындағы ағынның гидродинамикасына және шөгінділерді тасымалдауға әсерін модельдейтін жобаны жүзеге асырды.

Хашемпурдың айтуынша, жасанды губка құрылғысының дизайны мен құрылысы табиғи тірі организмнен шабыттандырылған және зертханалық және компьютерлік модельдеу зерттеулерінің нәтижелері оның әртүрлі теңіз орталарында жақсы өнімділігін көрсетті. Хашемпур:

«Қазіргі уақытта көптеген елдер маржан рифтерінің жойылуымен немесе тіпті порттарға кіру арналарының жабылуымен күресуде, олардың ішіндегі ең маңыздылары Австралия мен Қытай, сондықтан сіз ішкі және сыртқы сауданы бағыттау арқылы бұл идеяны пайдалана аласыз»,- деп айтты.