Америка заңсыз араласу бойынша әлемде бірінші орында
(last modified Wed, 03 Jul 2024 10:52:59 GMT )
Шіл 03, 2024 16:52 Asia/Almaty
  • Америка заңсыз араласу бойынша әлемде бірінші орында

Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы ирандық жолаушылар ұшағының нысанаға алынуының жылдығында АҚШ-тың Иран халқының адам құқықтарын бұзуының жалғасып жатқанын мәлімдеді.

 

36 жыл бұрын (1988 жылдың 3 шілдесі) осы күні «Винченнес» әскери кемесі Иранның жолаушылар ұшағын зымыранмен атуы салдарынан 290 жолаушының барлығы, оның ішінде 66 бала мен 53 әйел шәһид болды.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әли Бақери Кани X арнасында жолдауын жариялап, Американың Иран халқының адам құқықтарын бұзуы әртүрлі формада, соның ішінде қатыгездік санкциялар енгізумен жалғасып жатқанын айтты.

Бақери бүгінде Америка мен Газадағы сионистік режимнің әрекетіндегі американдық адам құқығының мәні баршаға аян екенін айтып: " Бүгінгі таңда Американың Палестинадағы басып алынған Құдс режимінің қылмыстарына жан-жақты қолдау көрсетуі Америка Құрама Штаттары басшыларының геноцид жасау, жаппай өлтіру, ашаршылық орнату, басып алу және қиратудағы қылмыстары кітабының тағы бір қанды парағы болып табылады",- деді.

Иран Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы АҚШ-тың әлемнің әртүрлі аймақтарына заңсыз араласуы бұл елді әлемдегі адам құқығын ең маңызды бұзушылардың біріне айналдырғанын мәлімдеді. Біржақты әрекеттер мен санкцияларды қолдану және сионистік режимнің геноцидтері мен қылмыстарына жан-жақты әрі сөзсіз қолдау көрсету Американың осы уақытқа дейін жасаған адам құқықтарына қарсы ең жойқын әрекеттерінің бірі болып табылады.