Имам Хаменеи: Алла Иран халқына ең жақсы таңдауды нәсіп етсін
(last modified Thu, 04 Jul 2024 13:29:47 GMT )
Шіл 04, 2024 19:29 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи: Алла Иран халқына ең жақсы таңдауды нәсіп етсін

Ислам революциясының жетекшісі Ирандағы президенттік сайлаудың екінші кезеңін өте маңызды деп атады.

Діни жетекші кеңсесінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Шәһид Мотахари жоғары мектебінің жаңа басшылары және бір топ ұстаздарымен кездесуінде Иран халқының сайлауға қатысуын  жүйесі мақтанышы деп атап: «Қатысу неғұрлым жақсы және айқын болса, жүйе өз мақсаттарын ішкі іске асыруға және елдің стратегиялық кеңеюіндегі мақсаттарға жетуге соғұрлым қабілетті болады, бұл өте үлкен мүмкіндік»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі сайлаудың бірінші кезеңіне қатысу көрсеткішін күткеннен аз және болжамға қайшы деп атап: «Бұл мәселенің саясаткерлер мен әлеуметтанушылар зерттеп жатқан себептері бар»,- деп айтты.

Аятолла Хаменеи кейбір адамдардың бірінші кезеңде дауыс бермеген кез келген адам жүйеге қарсы деген пікірін 100% қате деп атап: «Кейбір шенеуніктердің, тіпті исламдық жүйенің бұл сөздерді емін-еркін айтып жатқаны кейбір адамдарға ұнамауы мүмкін, бірақ дауыс бермеген кез келген адам осы адамдармен байланысты және бұл ойлау тәсілі мүлдем қате»,- деп мәлімдеді.

Ислам революциясының жетекшісі: «Көптеген адамдар қиындықтар мен жұмыс немесе басқа себептермен дауыс беруге қатыспады, Құдай бұйыртса, екінші кезеңде сайлау учаскелеріне халықтың жиналуы жүйе үшін абырой болмақ»,- деп баса айтты.

Аятолла Хаменеи сайланған адам жүйенің, халықтың мақсатына жетуі үшін Алла тағала халыққа ең жақсы таңдауды нәсіп ететініне үміт білдірді.

Иранның тоғызыншы президентін анықтауға арналған президенттік сайлаудың 14-ші кезеңі 28 маусым (өткен жұма) күні ішкі және әлемнің 95 еліндегі 59 000 учаскіде өтті.

Иранның 14-ші президенттік сайлауының екінші кезеңі жұма, шілденің 5-і күні өтеді.

Бірінші және екінші орын алған Масуд Пезешкиан мен Саид Джалили Иранның 14-ші президенттік сайлауының екінші кезеңіне жолдама алды.