Шіл 04, 2024 19:49 Asia/Almaty
  • Теһрандағы AАLCO конференциясы; Терроризммен күресетін үкіметтерді және қолдау көрсететін үкіметтерді анықтау әрекеті

Теһранда Азия Африка Консультативтік құқықтық ұйымының лаңкестіктің алдын алу және оған қарсы тұру жөніндегі аймақтық конференциясы басталды.

Кеше (сәрсенбі) Теһрандағы Сыртқы істер министрлігінің Саяси және халықаралық зерттеулер орталығында Азия-Африка консультативтік-құқықтық ұйымының (AАLCO) лаңкестіктің алдын алу және оған қарсы тұру жөніндегі аймақтық конференциясы басталды.

Parstoday хабарлауынша, осы екі күндік отырыста AАLCO, БҰҰ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Африка Одағы өкілдері және ALCO-ға мүше кейбір елдердің сарапшылары сөз сөйлейді.

Сондай-ақ, осы саммит аясында «терроризмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл теориядан әрекетке», «терроризмнің алдын алу мен оған қарсы тұрудағы халықаралық және аймақтық ұйымдардың рөлі», «терроризмге қатысты үкіметтер мен жеке тұлғалардың жауапкершілігі» және «терроризмнің алдын алу және оған қарсы тұрудағы аймақтық ынтымақтастық» тақырыптары бойынша отырыстар өткізіледі.

AАLCO ұйымына Азия және Африка континенттерінен 48 мүше бар, олардың ең маңызды мүшелері Египет, Қытай, Үндістан, Гана, Индонезия, Ирак, Иран Ислам Республикасы, Жапония, Малайзия, Пәкістан, Солтүстік Корея және Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Африка, Сирия, Түркияны атап кетуге болады.

Тегтер