Қытай Иранның ядролық құқығын қолдайды: Теһранға қарсы санкциялар заңсыз
ParsToday - Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Бейжің Иранның ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану құқығын құрметтейді және кез келген заңсыз біржақты санкцияларға қарсы»,- деді.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Лин Цзян жұма күні Бейжіңде өткен баспасөз мәслихатында Иранның ядролық мәселесіне қатысты сұраққа жауап ретінде: «Қытай әрқашан Иранның ядролық мәселесін саяси-дипломатиялық жолмен шешуге ықпал етуді жақтады, Иранның ядролық қару жасамау міндеттемесіне мән береді, Иранның ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану құқығын құрметтейді және кез келген заңсыз біржақты санкцияларға қарсы»,- деп айтты.
Линь Цзянь былай деп қосты: «Қытай мүдделі тараптармен үйлестіруді және қарым-қатынасты жалғастыруға және барлық тараптардың ақылға қонымды алаңдаушылығын ескеретін шешімге жетуде сындарлы рөл атқаруға дайын».