Шіл 10, 2024 17:56 Asia/Almaty
  • Ирандық мамандар қант диабетімен ауыратындардағы жүйке ауруы мен анемияны емдеуге көмектесетін қоспа ойлап тапты.

Ирандық мамандар ауызша таблетка түрінде шығаратын бұл қоспаны қалыпты адамдармен қатар, инъекциялық дәрі-дәрмекті енгізуде қиналған қант диабетімен ауыратын адамдар да пайдалана алады.

Parstoday хабарлауынша, осы өнімді шығаратын компанияның бас директоры Роксана Киа: "Бұл қосымшаның көмегімен қант диабетімен ауыратын науқастардың алаңдаушылығының бір бөлігі шешілді",- деді.

Киа бұл қосымшада қолданылатын ингредиенттерге В дәрумені тобының ингредиенттері кіретінін қуттап: "Қант диабетімен ауыратын науқастардан басқа, 65 жастан асқан адамдар, асқазан-ішек жолдарына операция жасалған науқастар және вегетариандық диетаны ұстанатын адамдар осы ирандық өнімнің қолайлы әсерінен пайда көре алатын басқа топтар",- деді.

Айта кетейік, кейбір ауруларға қажетті дәрі-дәрмек өндіруден Иран әлемде жетінші орында тұр. ИИР АҚШ-тың санкциялары мен халықаралық қысымдарына қарамастан халықтың, әсіресе дарын және белсенді жастардың ғылыми және медицина саласындағы маңызды рөліне сүйене отырып, кедергілерді жеңіп, жақсы жетістіктерге қол жеткізді.