Иранның күрестен жастар құрамасы Азия чемпионатында жеңіске жетті
Иранның күрестен жастар құрамасы Тайландта өткен Азия чемпионатында 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медальмен жеңіске жетті.
Бүгін, сейсенбі, 16 шілде күні Таиландтың Сирача қаласында күрестен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтті. Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Иран командасының қорытындысында Амир Каземи 48 келі салмақта, Мәһди Голамиан 62 келі салмақта, Исмаил Набави 68 келі салмақта алтын жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, 57 келіде Аболфазл Захири күміс, 85 келіде Амир Хұсейн Бахтиаранджад күміс, 44 келіде Бенямин Ростгар қола және 75 келіде Амир Хұсейн Альвани қола медаль жеңіп алды. Командалық рейтингте Иран 170 ұпаймен чемпион атанса, 169 ұпаймен Өзбекстан, 154 ұпаймен Қазақстан, 137 ұпаймен Үндістан және 126 ұпаймен Қырғызстан екінші-бесінші орындарға жайғасты.