Иран американдықтардың өз президенттеріне қастандық жасау тарихына сілтеме жасай отырып, оған тағылған айыптарды күлкілі деп атады
(last modified 2024-07-17T11:09:08+00:00 )
Шіл 17, 2024 17:09 Asia/Almaty
  • Иран американдықтардың өз президенттеріне қастандық жасау тарихына сілтеме жасай отырып, оған тағылған айыптарды күлкілі деп атады

ИИР-ның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасаудағы Иранның рөлі туралы болжамды хабарларды жоққа шығарып: «Бұл айыптаулар негізсіз және біржақты»,- деп жариялады.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сенбі, шілденің 13-і күні Пенсильвания штатының Батлер қаласында сайлауалды науқанында сөз сөйлеген кезде оқ атылып, шамалы жарақат алды. Pars Today агенттігінің хабарлауынша, шабуыл жасаған адамды оқиға орнында америкалық полиция өлтірген, ал шабуылшыдан жауап алу және оқиғаға кінәлілерді анықтау соңына жетпей қалды. Трампқа қастандық жасалғаннан кейін кейбір америкалық БАҚ америкалық басшылардың соңғы апталарда Иран Ислам Республикасының Дональд Трампты «террор етуді» жоспарлағанын көрсететін ақпарат алғаны туралы хабарларды оғаш түрде дайындады.  

CNN өзінің әдеттегі стилінде Иранның Трампты өлтіру жоспары туралы жоғарыда аталған ақпаратты АҚШ шенеуніктерінің «адам көзінен» алғанына тоқталып: «Жоғары лауазымды шенеуніктердің өмірін қорғауға жауапты АҚШ құпия қызметі осы себепті Республикалық кандидаттың қауіпсіздік жағдайын күшейтті»,- деп жазды. 

Иран Ислам Республикасының Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі мәлімдемесінде және осы талаптарға жауап ретінде Трампты өлтірудегі Иранның рөлі туралы жалған және журналистік мәлімдемелерді жоққа шығара отырып: «Трампты ату оқиғасын соңғы жылдары, әсіресе 2021 жылдың 6 қаңтарында Трамп жақтастарының АҚШ Конгресіне жасаған шабуылынан кейін көбейіп келе жатқан Америкадағы саяси зорлық-зомбылықтың күшеюінің тағы бір белгісі ретінде қарастыруға болады»,- деп мәлімдеді.

Бұл мәлімдемеде: "Америка тарихына көз жүгіртсек, бұл елдің саяси шенеуніктері мен басшылары, сондай-ақ саяси және қоғамдық белсенділері әрқашан бұл елде саяси зорлық-зомбылық пен террордың нысанасы болғанын көрсетеді. 1963 жылы қарашада Техас штатының Даллас қаласында АҚШ президенті Джон Кеннедиге және 1968 жылы маусымда Лос-Анджелесте Демократиялық партиядан президенттікке кандидат Роберт Кеннедиге жасалған қастандық осы мәселенің айқын мысалы болып табылады. 1968 жылы сәуірде Теннесси штатының Мемфис қаласында афроамерикалық азаматтық құқықтар қозғалысының жетекшісі Мартин Лютер Кингке террор жасалды",- деп көрсетілді.

BBH-ның Нью-Йорктегі БҰҰ-дағы өкілі мынаны баса айтты: «Иран Ислам Республикасы тұрғысынан Трамп Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы генерал-лейтенант Қасым Сүлейманиді өлтіруге бұйрық бергені үшін ісі сотта қараалып, жазалануы тиіс қылмыскер. Бұған қоса, Иран оны жауапқа тарту үшін заңды жолды таңдады».

Айта кетейік, ДАИШ үкіметінің құлауының басты тұлғасы болған Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы генерал-лейтенант Қасым Сүлеймани 2020 жылдың 3 қаңтарында Ирак билігінің ресми шақыруы бойынша осы елге сапармен келген кезінде сол кездегі Ирак Хашд аш-Шааби күштерінің төрағасының орынбасары Әбу Мәһди әл-Мухандис және оның 8 серігі америкалық агрессор және лаңкестік күштердің әуе шабуылында шәһид болды.

Тегтер