Шіл 25, 2024 13:19 Asia/Almaty
  • Иран мен Индонезия исламдық болмысты сақтауды қалайды

Ирандағы Индонезия елшісі хазірет Масуме (ғ.) атындағы университетті көріп қайтты.

Ирандағы Индонезия елшісі Құм облысындағы хазірет Масуме (ғ.) атындағы университетке барып, осы ғылыми орталықтың ғылыми-зерттеу әлеуеттерімен танысты.   

Ирандағы Индонезия елшісі Құмға барып, хазірет Масуме (ғ.) атындағы университеттің әлеуетімен танысқанына ризашылығын айтып, екі елдің әріптестігі, хазірет Масуме (ғ.) атындағы университет пен Индонезия университеттері арасындағы ынтымақтастық жалғаса түсетініне үміт білдірді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, хазірет Масуме (ғ.) атындағы университеттің ректоры Мариям Бордбар осы кездесу аясында аталмыш университет пен Индонезия университеттері арасында қарым-қатынасты кеңейту керегін айтып: «Иран мен Индонезия түрлі мәдени салаларда, илаһи кітап, пайғамбар, мұсылмандық болмыс, исламдық өмір салты және басқа да қырларда ортақтықтарға ие. Соларға баса көңіл аудару керек»,-деді.

Мариям Бордбар сондай-ақ Ирандағы әйелдердің орнына тоқталып: «Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін әйелдерге қатысты көптеген жетістіктерге куә болдық. Ел университеттеріндегі ғылыми кеңестердің мүшелерінің 36 пайызынан астамын әйелдер құрайды. Университетке түсетін талапкерлердің 50 пайызы – қыздар»,-деді.

Хазірет Масуме (ғ.) атындағы университеттің ректоры осы оқу орнының «Дана әйел – отбасы ұйытқысы» деген ұранын түсіндіре келіп: «Бұл университет өркениеттік-университеттік болмыс арқылы ислам әлемінің әйелдері үшін үлгіге айналуды көздеп отыр»,-деді.

Айта кету керек, Иранның Құм облысындағы хазірет Масуме (ғ.) атындағы университет 2007 жылы ашылған. Онда 1700-ге жуық студент қыз оқып жатыр.

 

Тегтер