Имам Хаменеидің рұқсатымен Масуд Пезешкиан ИИР Президенті болып тағайындалды
(last modified Sun, 28 Jul 2024 16:06:46 GMT )
Шіл 28, 2024 22:06 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеидің рұқсатымен Масуд Пезешкиан ИИР Президенті болып тағайындалды

Ислам революциясының жетекшісі имам Хаменеи жексенбі күні таңертең бір рәсімде Иран конституциясының 110-бабының 9-тармағына сәйкес Иран халқының Масуд Пезешкианға дауыс бергенін растап, оны Иран Ислам республикасының Президенті лауазымына тағайындады.

Pars Today ақпарат агенттігінің Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, имам Хаменеидің рұқсатымен Масуд Пезешкиан ИИР Президенті болып тағайындалғаны туралы үкімнің мәтіні төмендегідей:

Алланың атымен бастаймыз!

والحمدُاللهِ ربِ العالمینَ و صلی‌الله علی محمدٍ و آلِه ‌الطّاهرین سیّما بقیة‌اللهِ فی العالمین

Исламдық Иранның мерейін асырып, халықтың жүзін жарқын еткені үшін дана да құдіретті Жаратушыға алғыс білдіремін. Тағдыр шешетін президенттік сайлау сынағы халық пен жауапты басшылардың талпыныстарының арқасында қиын жағдайда тыныш әрі байсалды түрде өтті. Халық таңдаған тұлға ұлы жауапкершілікті арқалауға дайындығын жариялады.

Шәһид болған президенттің аяқталмай қалған кезеңінен кейін он төртінші президенттік сайлауды өткізу – Иран халқының мақтан тұтар оқиғаларының бірі, ислам жүйесінің тұрақтылығының белгісі. Және елдің саяси кеңістігінде рационализм мен байсалдылық барын көрсетті. Әлемнің кейбір аймақтарында болған кейбір ұқсас сынақтардағы кейбір жағымсыз құбылыстарға қарап, Иран мен ирандықтардың ірілігі мен даналығын көруге болады.

Енді осы мақтан тұтар оқиғаны тудыруда рөл ойнаған барлық адамдарға алғыс айта отырып, ұлы халықтың дана, шыншыл ғалым әрі халықтық сипатқа ие доктор Масуд Пезешкианға берген дауысын қолдап, оны Иран Ислам Республикасының президентті етіп тағайындаймын. Оған қызметіне сәттілік тілей отырып, әрдайым ислам мен революцияның тура жолын ұстанған жағдайда халықтың дауысы мен менің қолдауым жалғаса беретінін ескертемін.

والسلامُ علی عبادِاللهِ الصّالحین

Сейіт Әли Хаменеи

7 мордад 1403