Ислам революциясының жетекшісі Тәжікстан Президентіне парсы тілін таратып жатқаны үшін алғыс айтты
(last modified Tue, 30 Jul 2024 12:59:54 GMT )
Шіл 30, 2024 18:59 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Тәжікстан Президентіне парсы тілін таратып жатқаны үшін алғыс айтты

Имам Хаменеи сейсенбі күні таңертең Тәжікстан Президенті Имомали Рахмонмен кездесуінде ИИР-дың басты басымдығын аймақ елдері, әсіресе тілі, мәдениеті, тарихы мен діні ортақ елдермен қарым-қатынасты кеңейту екенін айтып: "ИИР сондай-ақ бұрынғыдай Тәжікстанмен түрлі салаларда шынайы әріптестік жасауға дайын",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Тәжікстан Президентімен кездесуінде  Имомали Рахмонға Иран Президентінің инаугурация рәсіміне қатысу үшін Теһранға келгеніне алғыс білдіріп, екі ел басшыларының барыс-келісін өзара ынтымақтастықты одан ары кеңейтуге жасалған жағдай деп атап: "Парсы тілі – Иран, Тәжікстан мен Ауғанстанның маңызды ортақтықтарының бірі. Осы тілді сақтап, оның оқшаулануының алдын алу үшін көбірек әріптестік жасау керек",-деді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, имам Хаменеи осы кездесуде Тәжікстан Президентіне парсы тілін таратып жатқаны үшін алғыс айтып: "Парсы тілінің көне жазуы Тәжікстанда таралады",-деп үміт білдірді.

Ислам революциясының жетекшісі: "Иран мен Тәжікстанның қарым-қатынасының кеңеюіне қарсылар да бар. Олармен күресу үшін тиісті бағдарлама жасалуы тиіс",-деп еске салды.

ИИР Вице-Президенті Мұхаммедреза Ареф те қатысқан осы кездесуде Имомали Рахмон Ислам революциясының жетекшісін тағы да көргеніне ризалық білдіріп, Масуд Пезешкианмен сөйлескеніне тоқталып: "Бірнеше жыл бұрын өзіңіз айтқандай, екі ел – туыс. Өзара қатынасты одан ары кеңейту жолында Иранның ғылым, денсаулық және өнеркәсіп саласындағы тәжірибелері мен жетістіктерін пайдалануды қалаймыз",-деді.

Тәжікстан Президенті осы кездесуде сондай-ақ өз елінде парсы тілін тарату үшін жасалып жатқан кейбір іс-шараларға тоқталды.