"Фалак ул-афлак" – Иранның құпияға толы көне қамалы
(last modified Wed, 07 Aug 2024 08:59:15 GMT )
Там 07, 2024 14:59 Asia/Almaty

7 ғасырлық тарихы бар "Фалак ул-афлак" қамалы жыл сайын көптеген ирандық және шетелдік туристерді қабылдайды.

"Фалак ул-афлак" қамалы – Иранның Луристан облысында орналасқан ең маңызды тарихи ескеркіштерінің бірі. Қамал ұлттық мұра тізіміне тіркелген. Енді ЮНЕСКО-ның әлемдің мұра тізіміне тіркелуге үміткер болып отыр. Сасанилер дәуіріне (б.з. 3-7ғғ) тиесілі бұл салтанатты қамал Луристан облысының Хоррамабад төбелерінде орналасқан. Жыл сайын көптеген ирандық және шетелдік туристерді қабылдайды.

Pars Today ақпарат агенттігінің осы мақаласында Луристан облысының асыл тасы "Фалак ул-афлак" қамалы жайлы баяндаймыз.

"Фалак ул-афлак" қамалы қайда орналасқан?

"12 мұнара" деген атпен де танымал "Фалак ул-афлак" қамалы – Хоррамабад қаласының ортасындағы көне төбелердің үстінде орналасқан Иранның ең танымал тарихи-туристік тартымдылықтарының бірі. Ол 651 жылы Сасанилер заманында салынған. Тарихи деректер бойынша, қамал көбіне түрлі патшалар орналасқан резиденция болған. Кейбір тарихи кезеңдерде оны түрме ретінде пайдаланған.

"Фалак ул-афлак" қамалы Хоррамабад қаласының қақ ортасында орналасқан.

 

"Фалак ул-афлак" қамалының жобасы

Қамал 5300 шаршы метр ауданды алып жатыр. Тас, кірпіш, шикі кірпіш, алебастр мен әктастан салынған. Тарихи деректерде бұл қамал түрлі-түрлі аталған. Мысалы, "Шапур Хаст" қамалы, "Хоррамабад" қамалы және т.б.

"Фалак ул-афлак" сөзі "аспандардың аспаны" деген мағына береді. Бұл атау Қаджарлар заманында (1789-1925) осы қамалға берілді. Сол заманнан бүгінге жетіп отыр. Шын мәнінде қамалдың атауы кіреберіс қақпасында аспанның он екі шоқжұлдызын білдіретін 12 мұнараның болуымен байланысты болуы мүмкін. Бұдан бөлек, қамал атауы оған қол жеткізудің қиындығын білдіретін метафора болуы ықтимал.  

"Фалак ул-афлак" – шикі кірпіш пен балшықтан салынған әскери-әкімшілік қамал.
"Фалак ул-афлак" қамалы

"Фалак ул-афлак" қамалының ішкі жобасы

Қамал бір үлкен зал, екі аула, бірнеше кіші зал, бөлмелер және солтүстікке қарайтын қақпалардан тұрады. Қамалдың ең маңызды бөлігі – оның биік мұнаралары. Бұрынғы 12 мұнарадан қазір 8 мұнара қалды.

"Фалак ул-афлак" қамалы жоғарыдан қарағанда

"Фалак ул-афлак" қамалының архитектурасы

Қамал салуда бір мықты да қолайы дуал салу өте маңызды. Түрлі тарихи кезеңдерде бұл қамал билік қамалы ретінде пайдаланылған. Сол себепті оңтүстік-шығыс жақтағы өзенді бойлай 10 га аймақта қорғаныс дуалы салынған. Хоррамабад өзені қамалдың оңтүстік бөлігін ор сияқты қорғап тұрады.

Қамалдың жалпы пішіні – кәдімгі бесбұрыш. Мұнаралардың көлемі әртүрлі. Қамал қабырғалары әктастан жасалған. Ылғалды сақтап қалады. Қамалдың ішінде ежелгі замандағы ирандық инженерлердің арқасында суды сіңіріп алатын жерасты жолдары қазылған. Қамалдың қабырғаларын жақсырақ қорғау үшін ағаш қаптама қолданылған. Қамалдың кірпіштері ромб тәрізді және бедерлі. Қамалдың бірінші ауласының батыс қабырғасында сарудж қоспасынан жасалған арабеска нақышын көруге болады. Қамалдың бұрыш-бұрышындағы мұнаралардың тек екеуі күзет-бақылау мақсатында пайдаланылған.  

Қамалдың ішкі көрінісі
Қамалдың ішкі көрінісі
Жерастына апаратын баспалдақтар

"Фалак ул-афлак" қамалының құдығы құпияға толы

Құдық қамалдың – ең құпия жерлерінің бірі. Тереңдігі 40 метрден асады. Ол қамалдың бірінші ауласының солтүстік-шығыс жағында орналасқан. Қамалдың суға жақын орналасуы құдықтың осы бөлікте қазылуына себеп болған сыңайлы.

Құдықтың қабырғаларында симметриялы орналасқан 150 тесік бар. Оларды құдыққа түсіп-шығу үшін пайдаланған. Құдықтың қабырғасын қалауға қолданылған керамикалық тақташалар мен қоспа Сасанилер заманынан бұрынғы дәуірге тиесілі. Бір қызығы, құдықта әлі су бар. Суы ішуге жарамды.

"Фалак ул-афлак" қамалындағы терең құдық  
Қамал ішіндегі тарихи қабірлер

"Фалак ул-афлак" қамалындағы мұражай

Луристанның этнографиялық мұражайы Иранның ең бай этнографиялық мұражайларының бірі ретінде Хоррамабад қаласының ортасындағы "Фалак ул-афлак" қамалының ауласында орналасқан. Мұнда екі мұражай – археологиялық және этнографиялық мұражайлар бар. Археологиялық мұражайдың 12 витринасына 50 бағалы тарихи ескеркіш, соның ішінде қыш бұйымдары мен көне тастар қойылған.

Этнографиялық мұражайдың ішкі көрінісі
Қамал ішіндегі кейбір заттар

"Фалак ул-афлак" қамалындағы туристер

Жыл сайын отандық және шетелдік туристердің қалың нөпірі Луристан облысының таңғажайып қамалын көріп қайтады. Бұл қамал ирандық архитектура мен инженерия саласында құнды жүз ғимараттың бірі саналады. Сондықтан ежелден-ақ айрықша назарға іліккен.

"Фалак ул-афлак" қамалындағы туристер
Қамалдың кіреберісі
Туристер жергілікті киіммен қамал ішінде
Туристер жергілікті киіммен қамал ішінде
"Фалак ул-афлак" тарихи қамалы туристерді қабылдауда