Там 08, 2024 19:15 Asia/Almaty
  • Теһран сүннитерінің жамағат имамы: Имам Хұсейн(ғ.) көтерілісі – жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюдың ең үздік үлгісі

Теһран сүннитерінің жамағат имамы: "Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюдың ең үздік үлгісі – Имам Хұсейннің(ғ.) шәһид болуы мен Ашура көтерілісі",-деді.

Жұма имамы шейх Әзид Бабаи Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассоциациясының ұйымдастыруымен өткен "Имам Хұсейн(ғ.) – Ислам дінін қайта жандандырушы" атты вебинарда жақсылыққа шақырудың маңыздылығына тоқталды.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шейх Әзид Бабаи: "Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю – ислам шариғаты және барлық пайғамбарлар мен имамдардың басты міндеті. Өйткені бұл үлкен парызбен Ислам жүйесі кемелденеді",-деді.

Шейх Әзид Бабаи: "Кейбір дін жолын ұстанушылар надандық пен хабарсыздық салдарынан немесе жан құмарлықтарына еру салдарынан діннен ауытқып кететінін немесе өз міндеттері мен жауапкершіліктеріне салғырттық танытып, залымға орын беретінін көреміз. Бұл бағытта қоғамда үлкен ауытқулар болатыны сөзсіз. Осы себепті Алла тағала қасиетті Құранда исраилдіктердің тағдырына ұшыраудан сақтандырады",-деді.

Шейх Әзид Бабаи: "Алла тағала Құранда жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыю міндетін жақтаған топтарды құтқарылатындар қатарына жатқызады. Бұл олардың құтқарылатындар қатарында екенін білдіреді",-деді.

Теһран сүннитерінің жамағат имамы: "Қоғамда күнә мен шектен шығулар жайылған шақта жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыюдың арқасында сол қоғамда оң өзгерістер болмаса, күнәнің бұлай таралуы бүкіл қоғамның жойылуына әкелетіні – ақиқат",-деді.

Шейх Әзид Бабаи: "Алла тағала "Тәубе" сүресінің 71-аятында жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыюды намаз бен зекеттен бұрын атаған. Сондықтан бұл әрекеттің ұлылығын көрсетеді",-деп мойындады.

Теһран сүннитерінің жамағат имамы: "Ибн Кәсирдің тәпсірінде Алла елшісінің (с.ғ.с.) қалаулы сипаттарының бірі  адамдарға жақсылық жасауға бұйырып, жамандықтан тыюы екендігі айтады. Ол жақсылықтан басқаны бұйырмаған, жамандықтан тыйған",-деді.

Шейх Әзид Бабаи: "Алла тағала мұсылмандардың ең басты қасиеті туралы айтады, сендер жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыюда болсаңдар, адамзат игілігі үшін пайда болған ең жақсы халықсыңдар",-деді.

Теһран сүннитерінің жамағат имамы: "Алла Тағала тағы бір жерде мүміндер мен екіжүзділердің арасындағы айырмашылық мүмін ерлер мен мүмін әйелдердің жақсылыққа әмір етіп, жамандықтан сақтандыратын қасиетінде, ал керісінше екіжүзді ерлер мен әйелдердің бірін-бірі жағымсыз амалға шақыруында дейді",-деп мойындады.

Шейх Әзид Бабаи: "Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюдың ең үздік үлгісі – Имам Хұсейннің(ғ.) шәһид болуы мен Ашура көтерілісі. Сондықтан жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыюды елеусіз қалдырмай, оған ерекше мән беруіміз керек",-деді.

Тегтер