Там 09, 2024 16:30 Asia/Almaty
  • Иранның

Иранның "Дем" атты деректі фильмі Италия кинофестивалінің (Nebrodi Cinema DOC international Festival) финалына шықты.

Бұл кинофестиваль әлеуметтік және экологиялық мәселелер бойынша тәуелсіз режиссерлерді қолдау мақсатында 7-13 қазан аралығында өтеді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бехзад Резаидің режиссерлігімен түсірілген "Дем" ирандық деректі фильмі алтыншы рет халықаралық фестивальде көрсетіліп жатыр.

Бұған дейін аталмыш деректі фильм 43-ші Paladino d'Oro Sport Film Festival кинофестивалінің «Өзге кино» бөлімінде үздік фильм сыйлығын алды, 11-ші Түрік Жібек жолы фестивалінің финалисті болды, Италияның ностальгиясы және АҚШ-тың Дүниежүзілік музыка және тәуелсіз кино фестивалі  (World Music &Independent Film Festival) мен Үндістанның Джайпур кинофестивалінің ең үздік деректі фильм номинациясына ие болды.

Иранның "Дем" атты деректі фильмі коронавирус індеті кезінде адамдардың жалғыздығы және өзара байланысының жоқтығын, оның әлемнің әртүрлі елдеріндегі суретшілердің жеке өміріне, жалғыздығына және шығармашылығына әсерін бейнелейді.

Тегтер