Иранда ми сигналдарын жазу мүмкіндігі бар мидің интракраниальды қабатын қоздыратын құрылғы жасала бастады
(last modified Sat, 10 Aug 2024 06:35:37 GMT )
Там 10, 2024 12:35 Asia/Almaty
  • Иранда ми сигналдарын жазу мүмкіндігі бар мидің интракраниальды қабатын қоздыратын құрылғы жасала бастады

Иранның Әмір Кәбір политехникалық университетінің зерттеушілері неврологиялық ауруларды емдеу мақсатында мидің интракраниальды қабатын электрмен қоздыратын құрылғы жасай бастады.

Мидің интракраниальды қабатын электрмен қоздыру – жүйке жүйесіне әсер етудің ең жаңа және ең қауіпті әдістерінің бірі. Ол соңғы жылдары депрессия, нашақорлық және Паркинсон сияқты ауытқуларды емдеуде айтарлықтай қолданыс тапты.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Әмір Кәбір политехникалық университетінің ғылыми кеңесінің мүшесі әрі осы зерттеу жобасын орындаушы Мұхаммед Мехди Ахмади: "Электрлік стимуляция берген уақытта мидың электрлік сигналын жазу пациенттерді емдеу немесе осы саладағы әрі қарай зерттеу процесінде көп мүмкіндік тудырады",-деді.

Ахмади бұл жобаның мақсатын мидің интракраниальды қабатын қоздырған кезде мидың электрлік сигналын шығару әдісіне қол жеткізу, сол арқылы электрлік стимуляцияның параметрлерін реттеу болып табылады.

Ахмади: "Жасалған құрылғы аутизммен ауыратын науқастардың мінез-құлқын бақылауға, мазасыздықты бақылауға, тіл мүкістігін түзетуге, ашуды бақылауға, шешім қабылдау қабілетін арттыруға және Паркинсон ауруынан туындаған треморды бақылауға көбірек әсер ете алады",-деді.

Айта кету керек, Батыстың заңсыз санкцияларына қарамастан әлемдегі ғылым өндірісінің 2 пайызы ИИР-ге тиесілі. Сол себепті ол ислам елдері арасында көш бастап келеді.   

ИИР-дің кейінгі жылдардағы медицина және денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері оны аймақтағы медициналық полюстердің біріне айналдырып, жұрт назарына іліктірді.