Там 10, 2024 12:44 Asia/Almaty
  • Израиль режимінің террор жасау саясаты сионистердің өз қауіпсіздігін бұзды

Сионистік сарапшылар Иран мен Ливан Хизбулласының шәһид Ханияға жасалған қастандыққа жауабының күткен дүниеден әлдеқайда жойқын болатынын мойындады.

ХАМАС қозғалысын әлсірету және бейбіт келіссөздерді жою мақсатында Израильдің Исмаил Ханияны өлтіруі ілезде режим үшін үлкен стратегиялық қателікке айналды. Бұл әрекет мақсатына жете алмай, Израильдің қауіпсіздік жағдайына ауыр соққы берді және бұл режимді бұрын-соңды болмаған қиын жағдайға қалдырды.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сионистік ақпарат құралдары мен осы режимнің қауіпсіздік көздерінің реакциялары мен талдаулары көрсеткендей, Израиль қазір өзі үшін ауыр салдары болуы мүмкін қорқынышты күндерді бастан кешіруде. Бұл стратегиялық қателіктің алғашқы белгілерінің бірі – Израиль армиясының барынша дайындала бастауы.

"Маарив" сионистік газетінің хабарлауынша, сионистік режимнің армиясы Ханияны өлтіргеннен кейін Иран мен Хизбулланың реакциясынан қорқып, әскери бөлімшелерді демалыстан қайтарып алды, тіпті солтүстік облыстардағы зауыттардың жұмысын айтарлықтай төмендетті. Бұл әрекеттер Израильдің қарсыласу өзегінің үйлестірілген ауқымды шабуылынан қатты қорқатынын және өзін ең нашар сценарийлерге дайындап жатқанын көрсетеді.

Басқа жағынан Ханияға жасалған қастандық Израильдің қауіпсіздік жағдайына оң өзгерістер енгізе алмады. Керісінше бұл режимнің жағдайын бұрынғыдан да нашарлатты. Иврит көздерінің хабарлауынша, Израиль режимнің қарсыласу өзегін әлсірету үшін жасаған талпыныстарына қарамастан, әртүрлі аймақтарда қауіпсіздік жағдайы нашарлады. Израиль армиясы бар күшін қарсыласу өзегінің жауабына төтеп беруге салуға мәжбүр болып отыр.

Бұл мәселе Израиль режимінің лаңкестік саясаттарының тиімсіздігін көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге бұл режимнің қауіпсіздік жағдайын басқару және бақылау мүмкіндігінен айырылғанын айқын көрсетеді.

Сондай-ақ, сионистік сарашылар Иран мен Ливан Хизбулласының шәһид Ханияға жасалған қастандыққа жауабының күткен дүниеден әлдеқайда жойқын болатынын мойындады.

"Едиот Ахронот" газетінің хабарлауынша, Израиль Иран мен Хизбулланың бірлескен шабуылын күтуде, оған йемендіктер де қатысуы мүмкін. Көпжақты және көпқырлы түрде жасалуы мүмкін бұл шабуыл Израильге кең көлемде ойран салып, мыңдаған нысанды қиратуы ықтимал.

Мұнымен қоса, Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы қауіпсіздік шиеленісі де Израиль режимінің иығына қосымша салмақ болды. Иврит дереккөздерінің хабарлауынша, Израиль әуе күштері қарқынды патрульдер жүргізіп, әртүрлі аймақтарға қорғаныс бөлімшелерін орналастырып, жағдайды бақылауда ұстауға тырысуда. Дегенмен, жағдай өте шиеленісті және кез келген уақытта жаппай қақтығыстар болуы мүмкін. 

Осы арада сионистік сарашылар, соның ішінде "Едиот Ахронот" газетінің тілшісі Израильдің террор саясатын пайдасыз деп есептеп, соғысты тез арада тоқтатуды талап етті. Оның ойынша, соғыстың жалғасуы Израиль режимінің қауіпсіздік жағдайын жақсарпайтыны былай тұрсын, шиеленіс пен қиратуды одан ары арттырады.

Сондай-ақ Канада сияқты елдердің қару эмбаргосы және Италияның қару экспортын тоқтату мүмкіндігі де осы агрессивті саясаттардан кейін Израиль режиміне халықаралық қолдаудың әлсірегенін көрсетеді.

Болжам бойынша, Израиль режимі ауқымды соғыстар мен жаппай қырып-жоюға әкелуі мүмкін қиын және өлімге әкелетін кезеңге аяқ басып отыр. Сионистік режимнің заңсыз екенін былай қойғанда, бұл жағдай отаршылдық пен қастандықтардан туған перзент саналатын Израильдің қате және агрессивті саясатының тікелей нәтижесі болып табылады. Бұл саясат режимнің қауіпсіздігіне кепілдік бере алмағаны былай тұрсын, оны одан да үлкен қауіп-қатерге душар етті.

 

 

 

Тегтер