Там 12, 2024 17:48 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи Париж олимпиадасына қатысқан ирандық спортшыларға алғыс айтты

Имам Хаменеи Париж-2024 олимпиадасына қатысқан ирандық спортшылар мен жаттықтырушыларға, федерациялардың президенттеріне алғыс айтты.

Иранның ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Ислам революциясының жетекшісіне хат жазып, ИИР спорт керуенінің Париж-2024 олимпиадасындағы жетістіктері туралы есеп бергеннен кейін  имам Хаменеи елдің ерік-жігері мықты, рухы биік спортшыларына шынайы алғысын білдірді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, имам Хаменеи Иранның ұлттық олимпиада комитеті басшысының хатына былай деп жауап берді:

Соңғы жарыстарда Иран халқынаа спорт сахнасында қуаныш пен мақтаныш сыйлаған қымбатты, рухы биік, ерік-жігері мықты спортшыларға, федерациялардың президенттері мен жаттықтырушыларға, Ұлттық олимпиада комитетіне шын жүректен алғыс айтамын. Сәттілік тілеймін!

Иранның ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Махмуд Хосравивафа өз хатында "Хадем ур-Реза(ғ.)" деп аталған ирандық спортшылар керуенінің олимпиада ойындарындарындағы кейбір мәдени-спорттық жетістіктеріне, соның ішінде ирандық спортшы әйелдердің жарқырай көрінуі, кейбір спорт салаларында бірінші рет маңызды жүлделер алуына тоқталды.

Париж-2024 олимпиада ойындарына қатысқан Иран керуені бірнеше спорт саласында жүлде алып, командалық есепте еркін күрес пен грек-рим күресінен алтын алса, таэквондодан күміс жүлде алды. Олимпиадаға қатысқан 200 елдің ішінде Иран жалпы есепте Украина (22), Бельгия (25), Дания (29), Аустрия (39), Оңтүстік Африка (44), Мысыр (52), Түркия (64), Үндістаннан (64) басым түсіп, 21 орынға тұрақтады.

 

Тегтер