Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында 23 елдің қатысуымен Азия чемпионатының ересектер арасындағы еркін күрес жарысы өтіп, Иран құрамасы сегіз медаль жеңіп алып, чемпион атанды.
Отырып ойнайтын волейболдан Иранның әйелдер командасы Германия командасынан басып түсіп, паралимпиада ойындарына іріктеу жарысының финалына бір табан жақындады.
Иранның үш адамдық баскетбол командасы Азия турнирінде екінші орын алды.
Иранның хоккейден қыздар командасы Азия және Тынық мұхиты чемпионатының жеңімпазы атанды.
1402 жылы Иранның ұлттық ушу спортшылары халықаралық ареналарда 50 түрлі-түсті медаль жеңіп алып, тамаша жылға қол жеткізе алды.
ИИР-ның семсерлесуден ұлттық құрамасының капитаны әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілді.
Иранның ұлттық жабық хоккей командасы соңғы әлемдік рейтинг бойынша екінші орынға табан тіреді.
Иран футбол командасы 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу ойындарының үшінші аптасында Түрікменстанды 5:0 есебімен жеңді.
Ирандық жүгіруші Марьям Туси жеңіл атлетикадан Оңтүстік Африка Гран-при чемпионатында жеңіске жетті.
Иранның еркін және грек-рим күресінен таңдамалы құрамалары Түркияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды.