Париж олимпиадасы: Алжирлік дзюдошы израильдік қарсыласымен белдесуден бас тартты
(last modified Fri, 02 Aug 2024 14:27:54 GMT )
Там 02, 2024 20:27 Asia/Almaty
  • Париж олимпиадасы: Алжирлік дзюдошы израильдік қарсыласымен белдесуден бас тартты

Алжирлік дзюдошы Масуд Резван Идрис Париж-2024 олимпиада ойындарында израильдік қарсыласымен белдесуден бас тартты.

Иран мен әлем тарихындағы көптеген спортшылар Палестинаның жапа шеккен халқын қолдаудың белгісі ретінде сионистік режимнің әртүрлі спорт салаларындағы өкілдерімен кездесуден бас тартты.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, алжирлік дзюдошы Масуд Резван Идрис Газа халқына қолдау және сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыптандыруға қарсылық ретінде Париж-2024 олимпиада ойындарында израильдік қарсыласымен белдесуден бас тартып, жарыстан шықты.

73 кг салмақтағы Масуд Резван Идрис 1/16 кезеңінде израильдік қарсыласымен белдесуі тиіс еді.

"Эдиот Ахронот" газеті бұдан бұрын ислам елдері спортшыларының осы режимнің спортшыларына бойкот жариялауын сионистік режим мен араб елдері арасындағы қарым-қатынасты қалыптандыру жобасының сәтсіздікке ұшырағанының белгісі деп атаған болатын.

Сионистік режим 2023 жылы 7 қазанда Батыс елдерінің жан-жақты қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы қорғансыз палестиналықтарға жаңа ауқымды шабуыл бастады.

Соңғы мәліметтер бойынша, 2023 жылы 7 қазанда сионистік режимнің Газаға шабуылдары басталғалы бері 39 мың адам шәһид болып, 90 мыңнан астам адам жараланды.

Израиль режимінің іргетасы 1917 жылы Ұлыбританияның отаршылдық жобасы негізінде түрлі елдердің еврейлерін Палестина жеріне көшіру арқылы қаланып, 1948 жылы мемлекет ретінде жарияланды. Сол кезден бастап Палестина халқын қырып-жоюға және олардың жерлерін тартып алуға бағытталған түрлі жобалар орындалды.

Көптеген елдер, соның ішінде ИИР Израиль режимін жойып, еврейлерді өз отандарына көшіруді қолдайды.