Там 12, 2024 18:10 Asia/Almaty
  • Ирандық жастар АҚШ пен Оңтүстік Кореяда өткен өнертапқыштар фестивальдерінде түрлі түсті 9 медаль алды

Ирандық жас өнертапқыштар АҚШ пен Оңтүстік Кореяда өткен екі фестивальде түрлі түсті 9 медаль алды.

АҚШ-тың Силикон алқабының өнертапқыштар фестивалі (Silicon Valley International Invention Festival(SVIF) 26-28 шілдеде 30 елдің, соның ішінде  Иранның беделді университеттерінің және ғылыми-зерттеу институттарының студенттері мен өнертапқыштарының қатысуымен өтті.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның өнертапқыштар командасы осы фестивальде күміс жүлде алды.

Иранның басқа бір өнертапқыштар командасы Оңтүстік Кореяның халықаралық инновациялар көрмесіне (Korea International  Women's Invention Exposition (KIWIE) қатысты. Көрмеге Оңтүстік Кореядан 150 бастамашыл жоба және әлемнің 18 елі, соның ішінде Ираннан 202 инновациялық жоба ұсынылды. Иран командасы осы көрмеде 3 алтын, 3 күміс және 2 қола жүлде алды.

Иранның өнертапқыштар командасы сондай-ақ осы көрмеде халықаралық  зияткерлік меншік ұйымының арнайы жүлдесіне, Тайландтың инновациялық  зерттеулер орталығының 4 арнайы жүлдесіне, Польша өнертапқыштар ассоциациясының арнайы жүлдесіне ие болды.

 

 

Тегтер